28. декабря 2011 · Комментарии к записи Бюджет тапшылығы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Жоспар:

Кіріспе……4
1 бөлім. Мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығы …5
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикадағы мәні мен рөлі….5
1.2 Бюджет тапшылығының пайда болу себептері…..10
2 бөлім. Қазақстан Республикасының бюджет тапшылығы ..12
2.1 ҚР-ның 2008 жылғы бюджеті және бюджет тапшылығы …12
2.2 Бюджет қаражатын басқару ерекшеліктері……15
2.3 Бюджет тапшылығын қаржыландыру механизмі ….18
3 бөлім. АҚШ-ның кірістері мен шығыстары және бюджет тапшылығы…20

Қорытынды……27
Қолданылған әдебиеттер тізімі…..28

Кіріспе

Әр аймақтың экономикалық — әлеуметтік  жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында  талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.

Қазақстан Республикасының  егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.

Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден  бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:

— біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан  шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны  «тығыз»  қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;

— екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың , топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.

Курстық жұмыс тақырыбы – бюджет тапшылығы. Курстық жұмыстың басты мақсаттары:

— мемлекеттік бюджеттің маңызы мен мәніне айқындау;

— бюджет тапшылығы түсінігі және оның пайда болу себептерін        зерттеу;

— бюджет тапшылығын қаржыландыру механизміне тоқталу;

— Қазақстан Республикасының 2008 жылғы бюджетіне талдау жасау.

 Курстық жұмыс / 28 бет


Comments closed.