25. декабря 2011 · Комментарии к записи Бизнес-жоспардың негізгі талдауы отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ……………3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ……… 5
1.1 Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері …. 5
1.2 Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны ………. 7
1.3 Бизнес-жоспардың құрылымы…… 9

2 «СЕМЬЯ» СУПЕРМАРКЕТІНІҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ……….12
2.1 «Семья» супермаркетінің бизнес-жоспары ……… 12
2.2 Кәсіпорынның маркетингтік, менеджмент және стратегиялық жоспарының экономикалық тиімділігі ………..19
2.3 Бизнес-жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі……21
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ЖЕТІЛДІРУ …….24

ҚОРЫТЫНДЫ ……………….. 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………….. 30
ҚОСЫМША А ……………… 31
ҚОСЫМША В ………… 32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бизнес-жоспардың негізгі талдауы – бұл жобалар – фирманың жаңа перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырылады. Сондықтан, әрекет етуші кәсіпорынның жаңа өндірістік құрылымы жобалау кезінде негізгі кезең дамытудың жаңа бас мақсаты және болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын қабылдау болып табылады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы 17 жылдың ішінде елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі, сыйлайды, құрметтейді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны «Бизнестің жол картасы – 2020» деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі. Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Әрине, мемлекет кәсіпкерлерге жүз пайыз кепіл болмайтыны түсінікті. Дегенмен, еліміздегі екінші деңгейлі банктер сырттан займдар тартқанда мемлекет кепіл болды. Нәтижесінде банк саласы қарқынды дамыды. Осындай жағдайды шағын және орта кәсіпкерлерге де жасайтын кез жетті. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады. Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап, кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі ерекше маңызға ие.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау.  Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетел елдердің кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар – коммерциялық  iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері ретінде оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық жағдайындағы рөлі курстық жұмыстың бірінші тарауында қарастылылған. Ал, екінші тарау бойынша кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және стратегиялық даму жолдары талданып, бизнес-жоспардың экономикалық негіздері мен тиімділігі қарастырылған. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын қолдану мен жетілдіруі жайлы сөз үшінші тараудың бөлімінде талданады. Яғни, оның мысалы ретінде супермаркеттің құрылу жолы мен даму стратегиясы қарастырылып, жалпы бизнес-жоспарын талдау негізі міндеті ретінде көрсетіледі.

Курстық жұмыс / 33 бет


Comments closed.