Мазмұны

Кіріспе…………3

І-Бөлім. Бағалы қағаздар рыногінің қалыптасуы
1.1 Бағалы қағаздар рыногінің қызметі және маңызы ……….5
1.2 Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері ……6
1.3 Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмитенттері ….20

ІІ-Бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
2.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногінің пайда болуы …..22
2.2 Бағалы қағаздар рыногін дамытудың негізі-жекеменшіктендіру ………….23

ІІІ-Бөлім.
3.1 Бағалы қағаздар рыногінің даму жолдары ……….24

Қорытынды ………..26

Қолданылған әдебиеттер ….28

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық эконо-микаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделігінің дәрежесі.

Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастарды өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70-жылда «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы-несие институттары демократиялық негізінде құралған қазіргі нарық – адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен  қызмет ететін субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.

Социализм жүйесі өндірісті де, әлеуметтік-экономикалық қажеттілікті де және тең бөлуді де, жалпы қоғамдық экономиканы жоспарлы түрде басқарып, меншікті тек «жалпыхалықтық» меншік тұрғысынан қарап, халықтың қажеттілігін өтей алмады.

Нарық – күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтысa, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.

Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделенеді. Бұл бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және олардың реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 жылдардың басында құрала бастады.

90 жылдардың экономикалық тәжиребесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы – бағалы ғағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, затты капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындардың ақционерлік қоғамдар түрінде қайта құру  олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі – акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық сүбъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмисияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.

Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық-экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:

  • Эмитенттер, яғни әртүрлі  бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
  • Инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
  • Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және т.б.:
  • Инвестициялық компаниялары, сақтандыруды компаниялары, зейнет-ақы қорлары және т.б. қорлар;
  • Қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Осы күрделі құрылымдардың қызметің ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.

 Курстық жұмыс / 30 бет


You must be logged in to leave a reply.