Мазмұны

Кіріспе 6
1 Азық — түлік қауіпсіздігінің теориялық және әдістемелік аспектілері 9
1.1 «Азық – түлік қауіпсіздігі» категориясының экономикалық мазмұны, қасиеттері, негізгі критерийлері және көрсеткіштері 9
1.2 Азық – түлік қауіпсіздігінің деңгейін анықтаушы факторлар мен шарттар жүйесі 23
1.3 Азық – түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері 29
2 Облыстың азық – түлік қауіпсіздігімен қамтамасыздық жағдайын талдау 40
2.1 Елдің ауылшаруашылық азық — түлік секторының қазіргі ахуалы 40
2.2 Жамбыл облысының азық – түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етілу жағдайын талдау 52
2.3 Халықтың азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету бойынша елде атқарылып жатқан іс-шаралар 60
3 Облыстағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің перспективалары 62
3.1 Болашақта елдің азық-түлік қауіпсізідігін нығайту жолдары 62
3.2 Халықтың азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету жағдайын трендтік және көпфакторлық регрессия әдістері арқылы болжамдау 70
Қорытынды 77
Қолданылған әдебиеттер тізімі 80

Кіріспе

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды.  Қазақстан экономикасының тұрақтануы  және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Бірақ, енді ғана басталып келе жатқан экономикалық  өсу  90-жылдары туындаған дағдарыстың салдарын жойып жіберді деп айту мүмкін емес. Мұндай тұжырымды жасауға  республиканың азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы, аграрлық өнеркәсіптің (шынайы даму тенденциясы) және отандық азық-түлік  нарығының шынайы даму  тенденциясы,  оның деңгейінің әлемдік, азық-түлік нарығындағы өзгерістерге тәуелділігі, елдің әртүрлі аймақтарындағы  халықтардың әлеуметтік жағдайы  мен төлем қабілеттілігі жағдайы негіз болып табылады. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың  көптеген салаларымен қарым-қатынаста  болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі  қамтамасыз етуі ( азық-түлік тәуелсіздігі)  болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер  мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін  азық-түліктің негізгі бөлігін  материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен  ел ішінде өндіру. [1]

Кез келген елде  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің  деңгейі мен сапасы  ауыл шаруашылық жағдайы  мен агроөнеркәсіптік  кешенге байлынысты салалардың жағдайына  тікелей байланысты болады. Зерттеулер көрсеткендей,  ауыл-шаруашылық өндірісінің  келесідегі жағдайы негізгі үрей туғызады: егістік өнімдері жағдайларының  нашарлауы, ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базаларының жетіспеушілігі; жермен және малмен  айналысудың өнімділігінің төмен деңгейі; кейінгі жылдардағы табиғи-климаттық факторлардың жағымсыз үйлесуі (құрғақшылық, су тасқыны және т.б.); астық мәдениетінің өнімділігінің қысқаруы және т.б.

Елдің  азық-түлік қауіпсіздігі  мәселелерін зерттеу,  ғылыми негізделген  нормалар бойынша  негізгі тамақ өнімдеріне  деген халықтардың қажеттіліктерін  қанағаттандыру мақсатында, ел ішіндегі аграрлық  өндірістің тиімділігін  көтеруге бағытталған іс-шаралар  кешенін жасау  зерттеу тақырыбының өзектілігін  және оның елдің  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғылыми-практикалық маңыздылығын анықтайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету отандық және шетелдік  авторлардың зерттеулеріндегі көзқарас бойынша республикадағы агроөнеркісіптік өндірісті дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін  талдау және оның  потенциялы мен  мүмкіндіктерін бағалау, зерттеліп отырған тақырып толық ашылмағандығын және де концептуалды шешімдерді іздеу деңгейінде екенін көрсетеді. Осыған байланысты, диссертациялық жұмыста азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетелдік оқымыстылардың ғылыми жұмыстары талданған.

Жұмыстың мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін анықтау үшін Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігінің баға берудің  теориялық және әдістемелік аспектілерін жасау.

Жалпы мақсаттар негізіндегі келесідегідей  нақты міндеттер анықталады:

—       азық – түлік қауіпсіздігі категориясының мәнін нақтылау;

—       азық-түлік қауіпсіздігі көрсеткіштерін, негізгі критерийлерін және квалификациялық ерекшеліктерін анықтау;

—       азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономиканың агроөнеркәсіптік секторының жағдайын қарастыру;

—       азық-түлік тауарларына  қол  жетімділікке баға беру;

—       республикадағы азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау;

—       азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеделдік әдістерін жалпылау және оның облыс жағдайына адаптациялану мүмкіндіктерін анықтау;

—       Азық-түлік қауіпсіздігін  болашақта да нығайту жолдарын анықтау;

—       Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру  бойынша іс-шараларды негіздеу.

Зерттеу пәні облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды қалыптастыру процесінде пайда болатын экономикалық  қатынастар кешені болып табылады.

Зерттеу обьектісі ретінде облыс экономикасының агроөнеркәсіптік секторы алынған.

Ғылыми — зерттеу жұмысының теориялық және методикалық негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің теориялық концепциялары, ғылыми ой жетістіктері, экономикалық реформа бойынша үкімет құжаттары, заңдық пакеттер және заңдық актілер көрсетеді.

Зерттеудің ақпараттық базасы облыстың заңдық актілері, Жамбыл облысыСтатистика Агенттігінің нақты статистикалық мәліметтері, ауылшаруашылығы Министрлігінің, Жамбыл облысы бойынша ауылшаруашылық Департаментінің мәліметтері, монографиялар, мерзімдік баспа және интернет басылымдардың материалдары болып табылады.

Қорғауға азық-түлік қауіпсіздігінің және оны қамтамасыз ету бойынша ұсыныстардың экономикалық мазмұны туралы теориялық жағдайлардың жиынтығын көрсететін ғылыми өңделімдер шығарылады.

Зерттеу барысында ең маңыздылары болып табылатын  тұжырымдамалар мен ұсыныстар қалыптастырылды:

— азық-түлік қауіпсіздігінің экономикалық категория ретіндегі авторлық трактовкасы көрсетілді және теориялық аспектілері нақтыланды;

— азық- түлік қауіпсіздігінің ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігіне және жиынтық экономикалық потенциалға шарттастырылған көрсеткіштері, түрлері мен критерийлері негізделді;

— жіктеу қасиеттері бойынша азық-түлік қауіпсіздігін құрайтын топтамалар жасалынды;

— Қазақстан экономикасының аграрлық секторын дамытудың қазіргі деңгейіне автор қолдануға тырысқан, халықаралық тәжірибеде қолданылған, азық-түлік қауіпсіздігінің бірқатар теориялары;

— Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мақсатында 2012 жылға дейін өндіріс және негізгі тамақ өнімдерін тұтыну бойынша болжамдық есептеулер жасалынды.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік мәнділігі оның нәтижелерінің келесідегідей мүмкіндіктерінен тұрады:

— азық-түлік тауарларының өндірісін дамыту бойынша Қазақстандағы мемлекеттік саясат үшін ғылыми негізделген шешімдерді қабылдау;

— ауылшаруашылығын дамыту ерекшеліктерін анықтау кезінде 2012 жылға дейінгі болжамдық мәліметтерді пайдалану;

— аймақтық ауылшаруашылық бағдарламаларын, сондай-ақ ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметін жақсарту бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау кезінде ескеру және т.б.

Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютерде 81 бетте баяндалды, 20 кесте, бар; кіріспе, үш бөлім, қорытындыдан, 35 пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 80 бет


You must be logged in to leave a reply.