01. января 2012 · Комментарии к записи Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындарды басқару негізі отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

Мазмұны

Кіріспе….. 5
І. Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындарды басқару негізі
1.1 Кәсіпорынның басқару процесі және оның негізгі сипаттамалары. .. 7
1.2 Кәсіпорынның жоспарлау процесі. …. 21

ІІ. «Зерде» ғылыми өндірістік бірлестігінің іс-әрекетіне талдау.
2.1 Кәсіпорын туралы жалпы түсінік. .. 41
2.2 Кәсіпорынның басқару құрылымы мен қызметі.. 44

Қорытынды…. 48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі….. 50

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне, он жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, — деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, — Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.

Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандарудың басым бағыты — шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағытта өз кезегінде оң нәтижесін беруде.

Нарықтың экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны — бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі — менеджмент іске асырылады. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабына аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.

Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін   кәсіпорынның  экономикалық  негізін  терең  білгендері қажет.

Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде  тұрғындардың  сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана   қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында  көптеген  нақты қызметтер атқаруда.

 Курстық жұмыс / 50 бет


Comments closed.