Жоспар

Кіріспе…………..3
І бөлім. Аралас экономиканың қалыптасуы-әлеуметтік бағыттағы қоғамның экономикалық негізі
1.1.Аралас экономика: мазмұны және белгілері…………..5
1.2.Аралас экономиканың қалыптасуының алғы шарттары……..10

II бөлім. Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары және ерекшеліктері
2.1.Аралас экономика қалыптасуының материалдық-техникалық негізі……15
2.2.Қазақстан Республикасының аралас экономикасын қалыптастырудағы қызмет ету заңдылықтарының ерекшеліктері…..19
2.3.Аралас экономикада нарықтық қатынастар дамуының негізгі ерекшелігі……..23

Қорытынды…….29
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………31
Қосымша……………….32

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері».

Курстық жұмыстың мақсаты: Аралас экономиканың мазмұнын, мәнін, белгілерін ашып көрсету, аралас экономика қалыптасуының материалдық-техникалық негізін, Қазақстан Республикасының аралас экономикасын қалыптастырудағы қызмет ету заңдылықтарының ерекшеліктерін және аралас экономикада нарықтық қатынастар дамуының негізгі ерекшелігі туралы толық ашып көрсету.

         Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан тұрады.

Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика — бұл  нарық, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика. Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды. Аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономика реттеудің мемлекеттің араласуы. Бүл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді. Бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі- мемлекетпен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әртүрлі өнеркәсіп, сауда, саяси таптардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси  лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс-аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі, аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономикашын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең терендігішын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы  қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау, шындау жок.

Аралас экономиканың басты белгісі — мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қорынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол

транспортына, атом энергетикасында, космостық техникада игеруде ерекше білінеді.Қазіргі өндірістің бұл саласы тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

Адамзат тіршілігінде нарыққы өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады.

Аралас экономика экономикалық жүйенің бір типі болып табылады. Экономикалық жүйенің бұдан басқа дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршіл

экономика және нарықтық экономика деген типтері бар.

Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экоомика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердің ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерде қамтуынан айқын білінеді. Олар тауар заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделенуімен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы: өтпелі экономика формациялау даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

 Курстық жұмыс / 32 бет


You must be logged in to leave a reply.