27. декабря 2011 · Комментарии к записи АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ («АСТАНА ТРЕЙД ИНТЕРНЭШНЛ» АҚ МЫСАЛЫНДА) отключены · Categories: Экономика, макроэкономика, микроэкономика, Инвестиция

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 5
1.1 Айналым құралдары түсінігі мен мәні 5
1.2 Айналым құралдарын қалыптастыру мен қаржыландыру көздері 10
1.3 Айналым құралдарының негізгі элементтерін басқару 14
1.4 Отандық жағдайда айналым құралдарын басқару ерекшеліктері 19

2 АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ («АСТАНА ТРЕЙД ИНТЕРНЭШНЛ» АҚ МЫСАЛЫНДА) 21
2.1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 21
2.2 Кәсіпорынның айналым құралындағы жоспарлық қажеттілігін анықтау 24
2.3 Кәсіпорынның айналым құралының негізгі элементтерін басқаруын талдау 36
2.4 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау 39

3 АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЙНАЛЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ («АСТАНА ТРЕЙД ИНТЕРНЭШНЛ» АҚ МЫСАЛЫНДА) 43
3.1 Айналым құралдарын басқаруды жетілдіру жолдары мен резервтері 43
3.2 Айналым құралдарының айналымдылығын жеделдету жолдары 50

ҚОРЫТЫНДЫ 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Ә
ҚОСЫМША Б

Кіріспе

Кәсіпорынның  айналым құралдарын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында  қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның  сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті» деген. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген сөз /1, 5-6 б/. Осы орайда  кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың айналым қаражаттарын қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады. Берілген жұмыстың өзектілігі одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы  үшін айналым құралдарын тиімді басқару  маңызды  қажеттілігіне айналған шағын және орта кәсіпорындар санының өсуімен анықталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиялық түзетуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» деген /2, 3-4 б/, осы орайда бұл мәселені шешу үшін, мемлекет экономикасының ажырамас бөлігі болып табылатын нарықтық экономикадағы әрбір кәсіпорынның өміршеңдігін сақтап қалу, оның дамуы, тек ұлттық шекарада емес, халықаралық деңгейде қызмет етуі үшін алғышарттардың бірі болып оның айналым капиталының тиімді басқарылуын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

Қазақстандық автор Жүйріков К.К. бойынша кәсіпорын қаржылық жағдайының өзгерісінің күрделі себептерін, соның ішінде олардың айналым қаражаттарының жағдайына әсерін  анықтау үшін кәсіпорын қызметін сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты —  кешенді талдау негізінде кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға ұсыну.

Дипломдық зерттеудің басты мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:

— «Астана Трейд Интернэшнл» акционерлік қоғамының  айналым құралдарының жағдайын және қолдану тиімділігін бағалау;

— «Астана Трейд Интернэшнл» акционерлік қоғамының меншікті айналым қаражаттары мен ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару тиімділігін бағалау;

—  айналым құралын басқаруды жетілдіру жолдары мен резервтерін іздестіру.

Зерттеу объектісі – «Астана Трейд Интернэшнл» акционерлік қоғамының айналым құралдары.

Зерттеу пәні — кәсіпорынның айналым құрлдарын басқару.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың қазіргі заманғы әдістері; кәсіпорынның ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару.

Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары  құрайды.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық зерттеудің нәтижелері кәсіпорынның ағымдық қаржылық қызметінде айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату мақсатымен, қайта айналымға енгізу және жартылай босап шығу есебінен айналым қаражаттарының мөлшерін төмендету мақсатымен қолданылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні, әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде кәсіпорынның айналым құралдарын басқарудың теориялық негіздері келтірілген; олардың қаржыландару көздері мен  нарықтық экономикадағы ролі көрсетілген, кәсіпорындағы айналым құралдарын ұйымдастыру мәселері және олардың қазіргі қазақстандық жағдайлардағы қызмет ету ерекшеліктері аталған.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі айналым құралдарын басқару мен талдаудың әдістемелік аспектілеріне арналған: қаржылық талдау негізінде кәсіпорынның айналым құралдарына деген жоспарлы қажеттілігі анықталған; көрсеткіштердің динамикасы бағаланған; іскерлік белсенділік коэффиценттері анықталып, олардың айналым құралдары жағдайына әсері көрсетілген.

Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде кәсіпорынның айналым құралдарын басқару механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар ойластырылған.

   Дипломдық жұмыс / 65 бет


Comments closed.