Жоспар

КІРІСПЕ

І. ТАРАУ. ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ.
1.1 Қалалардағы экологиялық жағдайды ұзақ мерзімге болжау
1.2 Қалалардағы экологиялық шараларды бірінші кезекте жүргізуді анықтау принциптері
1.3 Қалардағы ауа бассейнінің негізгі ластағыш көздер

ІІ. ТАРАУ. ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН САЛУ КЕЗІНДЕГІ КЕШЕНДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СҰРАҚТАРДЫ ШЕШУ.
2.1 Экологиялық таза нысандарды салу пайдаланылатын құрылыс материалдарына қысқаша шолу
2.2 Құрылыстың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің процессі

ІІІ. ТАРАУ. ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДЫ БӨЛІМ.
3.1. Құрылыс жұмыстары кезінде сваркалық жұмыстардың әсерінен атмосфераға шығарылатын ластағыш заттар есебін анықтау әдісі
3.2. Сваркілеу процесі кезінде ауа бассейніне шығарылатын ластағыш заттардың есебі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

 КІРІСПЕ 

         Қазіргі  кезеңде  адамдар  мен  табиғат  арақатынастары  жылдан  жылға  шиеленісіп  барады.  Жер  жүзіндегі  халықтар  санының  тез  өсуі  мен  мемлекеттердің  жаппай  өнеркәсіпті  дамыту  жолына  түсуі  бұған  себеп  болып  отыр.  Соның  салдарынан  табиғат  қорларын  пайдалану  бірнеше  есе  өсіп,  адамдардың  қоршаған  ортаға  тигізетін  зияны  үнемі  көбейіп  келеді.  Пайдалы  кендер  қорының  жақын  арада  таусылу,  өсімдіктер  мен  жануарлардың  кейбір  түрлерінің  толықтай  жоғалуы  қоршаған  ортаның  шектен  тыс  ластану  қауіпі  төнді.  Өнеркәсібі  дамыған  бір  қатар  елдерде  қоршаған  ортаның  нашарлағаны  сонша,  енді  адамдардың  денсаулығына  кесірін   тигізе  бастады.

Табиғатты  өзгерту,  байлықтарын  пайдалану  қазір  өзінің  шегіне  жеткенген  ұқсайды.  Мұны  елемей  қоршаған  ортаны  осы  қарқынмен  тонай  берсек,  табиғат  өздігінен  қалпына  келу  мүмкіншілігінен  айырылып,  жер  бетіндегі  тіршілікке  үлкен  қауіп  төнеді.

Солардың  бірі  құрылыс  жұмыстары  және  оларда  пайдаланылатын  құрылыс  материалдары.  Олар  ең  алдымен  табиғи  ресурстарды   құртады.  Қазіргі  заманды  әр  материалға  мемлекеттік  стандарт  талаптары  қойылады.  Бұл  да  аз  болсады  қоршаған  ортаға  зиянды  ластағыш  заттарды  шығарудың  шектеуі.

Құрылыс материалдарының өнеркәсібі республикамыздың экономикалық әлеуетіне байланысты орасан зор саланы көрсетеді. Материалдарға  жұмсалатын  шығындар   құрылыс-құрастыру  жұмыстарының  жалпы  құнының  жартысынан  астамын  құрайды.  Құрылыс  материалдарының өндірісі толып жатңан шикізаттар шығарумен және өндірумен байланысты. Құрылыс  кешенінде  күн  сайын  жаңа технологиялар, материалдар мен бұйымдар пайда болады, олар Қазақстан Республикасы Стандартымен (ҚР СТ)  және  Мемлекетаралық Стандарттардың (МСТ) талаптарын қанағаттандыруы керек.

Мемлекетіміздің  экономикасын  өркендетудің  бағдарламасын  жедел іске асыру, материалдың өндірістің барлық саласының дамуы, халық шаруашылығының  белгілі  нәтижеге  жетуі   күрделі құрылыстың да қарқыны   мен  саласына  байланысты.

Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің әр түрлі кәсіпорындарының салынуына қүрылысшылардың қо-сып отырған үлесі зор. Құрылысқа республикамызда  жыл  сайын  өте  мол  қаржы   жұмсалып  келеді. Бұл қаржыларды  ұтымды пайдалану, негізгі  қорлардың сапалық құрылымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып, игеру  керек. Құрылыс  мерзімін  елеулі  түрде  қысқартып, құнын кеміту – құрылысшылар  алдына  қойып  отырған  маңызды  міндет.

Бұл  міндеттерді ойдағыдай шешу  үшін  күрделі  қаржыны,  шикізат және еңбек шығындарын азайту, индустрияландыру дәрежесін арттыру, құрылысты жоспарлау мен ұйымдастыруды жаңсарту, құрылыс өндірісі технологиясын  жетілдіру  қажет.

Аталған  талаптарды  іске  асыруда  құрылыс  мамандарын  әзірлейтін оңу орындарының үлесі мол. Бүгінгі күнде оқу орындарының алдына қойылған  жауапты  міндет – білікті  мамандар  даярлау.  Қазіргі  кезде барлық оқу орындары жаңа, сапалы оқу жоспарлары мен бағдарлама арқылы мамандар  дайындау  жолына  көшуде.

Жалпы  дипломдық  жұмысымның  тақырыбы  «Құрылыс  жұмыстарының  қала  экологиясына  әсері».  Жұмысымның  мақсаты  мен  міндеті:

Мақсаты: Құрылыс материалдарының қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтау.

Міндеті: Құрылыс кезінде ауаға бөлінетін зиянды заттардың концентрациясын анықтау.

 Курстық жұмыс / 60 бет


You must be logged in to leave a reply.