МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…..3

1 ЖАЛҒА АЛЫНҒАН НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЕСЕБІНІҢ ТӘРТІБІ
1.1 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың теориялық негіздері және жалдаудың экономикалық маңызы….6
1.2 Жалға беруші мен жалға алушының жалдау есебінің тәртібі…18

2 СЕРІКТЕСТІКТІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ, ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ТЕХНИКА — ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1 Серіктестіктің жалпы экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік қызметін ұйымдастыру….29
2.2 «АССО Лтд» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің есеп саясаты…33
2.3 Негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің талдауы…….44

3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖАЛҒА БЕРГЕНДЕГІ ТИІМДІЛІГІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕГІ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫ
3.1 Ағымдағы жалдау бойынша жалға беруші мен жалгер есебінің талдауы…55
3.2 Қаржылық жалдау бойынша жалға беруші мен жалгер есебінің талдауы..58
3.3 Жалдаудың тиімділігіне талдау жүргізу…..68

ҚОРЫТЫНДЫ ….71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР….73
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында жаңадан қызмет етіп келе жатқан жас кәсіпорындарға және ақша қаражаттары жетіспеушілік мәселері бар ұйымдарға негізгі құралдарды жалға алу олардың қаржылық жағдайына тиімді болып келеді, сонымен қатар негізгі құралдарды қолдану барысында шығындардың, негізгі құралдардың ғылыми – техникалық жетістіктер кезінде қолданыстан шығып қалу қаупі мәселелері және үнемі қолданыста болмайтын негізгі құралдарды меншігінде ұстау кез келген кәсіпорын үшін де тиімсіз болып келеді, сондықтан осы мәселелердің барлығын қарастыра келе негізгі құралдарды өз меншігіне сатып алғанша, жалға алған өте тиімді болып келеді.

Соңғы жылдары кәсіпорындар шаруашылық қызметінде жалға алу мен жалға беру туралы келісім-шарттарға отыру көбейіп келеді. Жылжымайтын мүлікке келісім шартқа отырудың кез келген түрінде, жалға беруші және жалға алушы үшін де жоғары дейгейде кіріс алу және сол сияқты тәуекелдерге барумен байланысты мәселелер туындайды.

Кез келген ұйымның шаруашылық қызметі бір — бірімен өзара тығыз байланысты үш үрдіспен жүргізіледі: жабдықтау (материалды техникалық ресурстарды табу мен дайындау), өнімді өндіру және оны өткізу. Бұл үрдістер бір мезгілде жүргізіледі, оған жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбектері және негізгі және айналыс құралдары қолданылады. Осыдан ұйымның бухгалтерлік есебінің маңызды объектісі болып негізгі және айналыс құралдары және оның қозғалысы табылады.

Негізгі құралдар ұйымның маңызды экономикалық потенциалы болып есептелуінде және олардың жағдайы кәсіпорынның қаржылық жағдайының жоғарылауы мен бәсекелестікке қабілеттілігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Кез келген ұйым өз қызметін бастар алдында өзінің мүлкін, ақша қаражаттарын және басқа да шаруашылық құралдарымен иеленуі керек. Иелік етпеген жағдайда, негізгі құралдарды жалға алуларына мүмкіндіктері бар. Негізгі құралдарды жалға алу жалгерлер үшін де тиімді. Себебі негізгі құралдар уақыт өте келе және қызметі барысында тозады, онымен байланысты шығындардың барлығы жаңадан нарықта пайда болған ұйымдар үшін шығындар сомасын көбейтеді. Сол себепті негізгі құралдарды жалға алу жалгер үшін маңызды:

—     Ақша қаражаттары жетіспеушілігі жөніндегі мәселелерді шешеді, яғни жалға алынған активтердің құнын 100%-ға қаржыландаруға мүмкіндік болады;

—       Қолданысқа дайын құрылғыларды жалға алу тиімділігі;

—       Үнемі қолданыста болмайтын активтерді иеленудегі тиімсіз болатын жағдайлар туындамайды;

—       Қысқа мерзімді жалдау жоғары технологиялық құрылғылардың және жаңа тауарлардың ескіруінен қорғайды;

—       Тездетілген амортизация, пайыз бойынша шығындар кезінде табыс салығын төлеуде инвестицияға салықтық жеңілдіктер қарастырылған;

—       Өнеркәсіп құрылғыларын өндірушілер үшін – өткізудің жоғарылауы;

Жалдау — жалға беруші жалға алушыларға жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына, келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.

Жалдау шарты казіргі жағдайда кәсіпкерлік саласындағы ең бір сұраныстағы келісім-шарттардың бірі.

Жалға алу мерзіміне байланысты ағымдағы және ұзақ мерзімді жал болып бөлінеді. Жалдаудың ағымдағы жал — негізгі құралдарды ағымдағы жалға алу мерзімі біткен соң объектіні жалға берушіге міндетті түрде қайтаруы тиіс және активке меншік иелік етумен байланысты тәуекел мен сыйақылар жалға берушіде қалатын жалдау түрі.

Қаржылық жалдау — актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру, қорытындысында құқықтық мәртебе жалгерге берілуі де, берілмеуі де мүмкін. 17 ҚЕХС бойынша қаржылық жалға:

—  Мүлікке деген меншік жалдау мерзімі соңында жалгерге берілсе;

—  Жалгер жалдағы мүлікті «келісілген бағаға» сатып алуға құқығы болса;

—  Жалдау мерзімі активтің пайдалы қызмет мерзімінің көп мөлшерін құраса;

—  Жал мерзімінің басында ең аз жалдық төлемінің дисконтталған құны мүліктің әділ құнынан кем емес болса;

—  Жалдық келісім шарт жалгер тарапынан бұзылатын болса, онда жалға берушінің барлық шығындары жалгердің шығыны ретінде есептелсе.

—  Жал мерзімі жалданатын мүлікті пайдалы қолдану мерзімінің кемінде 80%-ін құраса, егер ол тек активтің қызмет ету мерзімінің 20% шегінде басталмаса.

—  Ең аз шамадағы жал төлемінің дисконтталған құны жалға берілген дүние-мүліктің өткізу бағасының 90%-інен кем болса;

—  Жалдау мерзімі соңында активтің қалдық құны жал шарты жасалған сәттегі өткізу бағасының 20%- інен аспаса;

—  Жалға алынатын активтерге меншіктілік құқығы ауысқанда жалға алушы жалдау мерзімі басында белгіленген кесімді баға бойынша сатып алу құқығына ие болса;

Осы аталғандардың барлығы орындалса, онда жалдау қаржылық болып есептелінеді.

Үш жылдан асатын жал  бұл – лизинг болып табылады. Лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингтік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға және шаруашылық қызметпен айналысатын әрбір кәсіпорын үшін де өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

—      Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың теориялық негіздерін анықтау;

—       Зерттеліп отырған серіктестікке жалпы сипаттама беру және есеп саясатының жүргізілу тәртібін қарастыру;

—      Серіктестіктің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау;

—      Жалға алынған және берілген негізгі құралдардың есебінің жүргізілу тәртібін ұйымдастыру;

—      Жалдау бойынша алынатын пайданың тиімділігіне талдау жүргізу;

Дипломдық жұмыстың міндеті: алға қойған мақсаттардың мазмұнын ашу және оны халықаралық стандарттар негізінде жазу. Серіктестіктің қаржылық жағдайын жақсарту үшін ұсыныстарды анықтау.

Дипломдық жұмыстың негізгі зерттелетін объектісі: «АССО Лтд» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі.

Теориялық негізге келесі авторлардың еңбектері қолданылды: Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И., Назарова В.Л., тағы да басқа. Шетелдік әдебиеттер тізімі: Международная финансовая отчетность (курс лекции) 2007г. ATC International, Основные определения по МСФО 2007г. Ernst & Young.

Ақпараттық негізі: «АССО Лтд» ЖШС-нің Жарғысы, есеп саясаты, бухгалтерлік баланс,  бухгалтерлік есептілік, негізі құралдарды есепке алатын алғашқы құжаттары және тағы басқа құжаттар. 17 «Жалдау» ҚЕХС-ке сай жазылды. Қосымша ҚЕХС 2006-2009ж. ТОО АК «ТрастФинАудит» сай жазылған методичкалар мен брошюралар қолданылды.

Дипломдық жұмыс серіктестіктің 2006 – 2009 жылдар аралығында негізгі құралдарға қатысты бухгалтерлік есептілік көрсеткіштері негізінде жазылды.

  Дипломдық жұмыс / 75 бет


You must be logged in to leave a reply.