Мазмұны:

Кіріспе 3
I Аудит объектісі және оның атқаратын қызметтері 5
1.1 Аудиттің мәні мен маңызы 5
1.2 Аудит процедуралары 7
II Аудиттің халықаралық стандарттары 10
2.1 Аудиттің құрам бөлшектері, қағидалары және концепциялары 10
2.2 Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары 12
2.3 Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы 15
III Аудит стандарттарына сәйкес аудиторлық қорытындыны құру ерекшеліктері 20
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе 

Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы — бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет.

Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырыды.

  Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің  жиырма  жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.

Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, нақтылық, жариялық  қағидаларын басшылықа алу керек.

Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік қағидаларының  талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен  әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын  немесе жалғандығын көрсетіп береді.

Аудит теориясың негізгі элементтері компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалардан тұрады.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпарат жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:

Біріншіден,  қаржылық  есеп-қисаптардың жаппай  қол жетерлігі  үшінші  тұлғалардың (соның  ішінде  несиегерлердің,  жеткізушілердің, жұмыскерлердің  жəне  т.б.)  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  етеді,  өйткені  бұл кəсіпорындар  мен  үшінші  тұлғалардың  арасында  ақпарат  бөлудегі  теңсіздікті қысқартады.

Екіншіден,  бұл  қоғамды  ықтимал  негативті  экономикалық  салдардан қорғауға  көмектеседі;  ол  мысалы,  экономикалық  маңызды  компаниялар жағдайында, егер олардың қызметі жəне/немесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік əсерін  тигізуі  мүмкін  болса,  маңызды  бола  алады.

Еліміз егемендік алып, өз алдына ел болғанына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында елімізде бухгалтерлік есеп саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды десек артық айтқандық емес. Бұған дәлел 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Респупликасының президенті Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлыққа қол қойған болатын болса, 2002-жылы 24-маусымда бұл “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”   деп аталатын заң болып қайта қабылданды. Ал 2007 жылыдың  28-ақпанында Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  деп аталатын №234 III заңы күшіне енді. Еліміздегі ірі кәсіпорындар өз қаржылық есептілігін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сай жасауға көшті [1].

Курстық жұмыстың негізгі міндеті – аудитор  растаған  қаржылық  есеп-қисаптар  жалпыға  қол  жетерлік  болуға  тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде  оларға  ескерімдерге  жаппай  қол  жетерлікке  талаптың  бірнеше  себепке байланысты  үлкен маңызын қарастыру.

 Курстық жұмыс / 32 бет


You must be logged in to leave a reply.