МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………… 6
1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ……..9
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері…….. 9
1.2 Ұзақ мерзімді активтер аудитінің маңызы мен мәні….. 22

2«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ» ШЖҚ МКК-НЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 «Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК кәсіпорыны экономикалық сипаты, оның қаржылық жағдайы және есеп саясаты……29
2.2 Кәсіпорында негізгі құралдарының есебінің ұйымдастырылуы….. 41
2.3 Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің есебі…..46

3«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ» ШЖҚ МКК-НЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ……54
3.1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиторлық тексеру бағдарламасы мен нәтижесі….54
3.2 Активтерді пайдаланудың тиімділігін талдау….. 57
3.3 Ұзақ мерзімді активтер есебін жетілдіру жолдары…61

ҚОРЫТЫНДЫЛАР …….. 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ… 67
ҚОСЫМШАЛАР……….69

КІРІСПЕ 

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еліміздегі  нарықтық  қатынастарының  тез жылдамдықпен дамуы қаржылық  — шаруашылық қызметіне  жаңалық енгізіп отыруды  талап етеді, оның ішінде  әсіресе  ұзақ мерзімді  активтер амортизациясын есептеуде. Соңғы  жылдары негізгі  құралдардың амортизациясын есептеуде нормативтік базалар маңызды өзгерді.

Ұзақ мерзімді активтер кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелерін өтеу барысында  қабілеттілігі жоғары, яғни тез арада  өзінің құнын   басқа заттарға айырбастай (өзгерте)  алатын мүліктер болып табылады. Кәсіпорындар мен  ұйымдар  жұмыс  жүргізу барысында   ағымдағы  активтерден  басқа  ұзақ  уақыт бойы пайдаланатын  өндірістік және  әкімшілік  қызметі  орындауға  арналған  активтерді  қажет  етеді.  Ал мұндай  ұзақ мерзімді  активтердің   қатарына  негізгі  құралдар мен материалдық емес активтерді, ұзақ мерзімді  дебиторлық борыштарды  және  ұзақ мерзімді  инвестицияларды  жатқызуға  болады.

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз етудің маңызды бөлігі — ұзақ мерзімді активтер болып табылады. Өндіріс тиімділігін анықтауда ұзақ мерзімді активтердің түсуі мен шығуы, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай, қадағалау мүмкін емес.
Осы жұмыстың тақырыбын ала отырып, алға қойылған негізгі мақсат —  ұзақ мерзімді активтер есебінің және  аудиттің жүргізу тәртіптері мен әдістері, аудитті жүргізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Ұзақ мерзімді активтер оның амортизациясы мен тозуын есептеу бойынша екіге бөлінеді: негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы мен тозуы.

Негізгі құралдардың аудиті деп негізгі құралдардың түскендігі, есептен шығарылуы, оған пайдалы қызмет мерзімі мен нақты құнының бағасы, амортизация мен тозуын есептеу, ішкі бақылаудың тиімділігін пайдалануды тексеру енеді.

Материалдық емес активтердің аудиті деп нақты ақшаның, оның қалыптасуын және оның құжатта анық көрсетілуін тексеруді түсіндіреді, оған пайдалы қызмет мерзімі мен нақты құнының бағасы, амортизацияны есептеу, шығудың негізділігі, есепті ұйымдастыру және кәсіпорындағы талдау мен ішкі бақылаудың тиімділігін пайдалануды тексеру енеді.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Ұзақ мерзімді активтер есебі  және аудиті» болғандықтан мен  ұзақ мерзімді  активтер  есебінің  жіктелуі олардың есептелуі мен аудитына теориялық анықтама бере отырып «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның негізгі  құралдар  мен  материалдық емес активтерінің есептелуін және оларға  амортизация  есептеуін  ұйымдастыруды  талқыладым.

Бухгалтерлік есепте  негізгі құралдар деп  өндірістік  үдерісінде ұзақ  уақыт бойы, яғни бір жылдан артық пайдаланатын, өзінің бастапқы  түрін көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа  көрсетілген қызметке  есептелген амортизациялық аударым  мөлшерін  шегінде  біртіндеп ауыстырып отыратын  еңбек құралдарын, яғни материалды активтерді айтады.

Ал  материалдық емес активтер деп  белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына  жатпайтын  бірақ  қандайда  бір бағаға, құнға бағаланатын  болағндықтан кәсіпорынға өнім өндіруде,  тауарларды сату, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе  әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни уақыт бойы қосымша  табыс әкеліп тұратын активтерді  айтамыз.

Осы дипломдық  жұмыстың өзектілігі   өндірістің кез келген өндірістік немесе коммерциялық түрін  ашуда кәсіпорынға  ұзақ мерзімді  активтер қажет  және олардың өз есеп саясатын сәйкес айқындалады амортизациясын есептеу қажеттілігі мен  анықталады.

Дипломдық  жұмысты жазу барысында   «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның материалдар кеңінен қолданылды.                                 .
Өндіріс тиімділігін анықтауда ұзақ мерзімді активтердің түсуі мен шығуы, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай, қадағалау мүмкін           емес.
Осы жұмыстың тақырыбын ала отырып, алға қойылған негізгі міндеттері —  ұзақ мерзімді активтердің есептелуіндегі аудиттің жүргізу тәртіптері мен әдістері, аудитті жүргізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Негізгі құралдардың аудиті деп негізгі құралдардың түскендігі, есептен шығарылуы, оған пайдалы қызмет мерзімі мен нақты құнының бағасы, амортизация мен тозуын есептеу, ішкі бақылаудың тиімділігін пайдалануды тексеру енеді.

Материалдық емес активтердің аудиті деп нақты ақшаның, оның қалыптасуын және оның құжатта анық көрсетілуін тексеруді түсіндіреді, оған пайдалы қызмет мерзімі мен нақты құнының бағасы, амортизацияны есептеу, шығудың негізділігі, есепті ұйымдастыру және кәсіпорындағы талдау мен ішкі бақылаудың тиімділігін пайдалануды тексеру енеді.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

— Негізгі құралдарды есептеу әдістерін көрсету, оның аудитін жүргізу;

— Материалдық емес активтерді есептеу, оның аудитін жүргізу;

Жалпы аудит саласын дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

Концепцияны іске асыру Қазақстан ұйымдарына халықаралық нарық мүмкіндігін толық шамада кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша ол өзінің бәсекеге қабілеттілігін артады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсаңында аса өзекті болып отыр.

Дипломдық жұмыстың алға қойған негiзгi мақсаты кәсiпорынның ұзақ мерзімді активтердің  емебін ашып көрсету және оның аудитін  жүргізу мен   оның тиiмдiлiгiн арттыру шараларын көрсету болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында экономикалық, статистикалық әдістер қолданылды.

Жұмыстың зерттеу объектiсiне Астана қаласында орналасқан  «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-нің соңғы жалдардағы көрсеткiштерi алынды және оған экономикалық, бухгалтерлiк талдау жасалынды.

Қойылған  осы мақсаттарға жету үшін  мына міндеттерді алдыға қойю керек:

— негізгі құралдарды бағалау және   жіктеудің  мәнін қарастыру;

—  негізгі  құралдар қозғалысының теориялық аспектілерін оқу;

— ұзақ мерзімді активтердің есептелуін  және тозу есебін және аудару тәртібін қарау;

—  ұзақ мерзіді активтердің ішіндегі негізгі  құралдар мен материалдық емес активтердің  тәртібін оқу;

— «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-нің  ұзақ мерзімді активтерінің    есебі  және  аудиті;

— «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-нің ұзақ мерзімді активтер есебін  жақсартуда шаралар қолдану.

Дипломдық жұмысты зерттеу объектісі. «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-нің ұзақ мерзімді активтер есебі болып табылады.

       Жұмысты  жазу барысында  Қазақстан Республикасының  заңшығару актілері, Қазақстан Республикасындағы  бухгалтерлік есепті  реглементтейтін құжаттар, экономика және қаржы  салаларындағы  көрнекті авторлардың еңбектері қолданылып олар пайдаланылған әдебиеттер тізімінде  қарастырылды   Дипломдық  жұмысты жазу барысында  «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-нің соңғы екі жылдық  қаржылық есептілігі және  ұзақ мерзімді активтерді  талдайтын  құжаттары  кеңінен қолданылды.

Сондықтан да «Ұзақ мерзімді активтер есебi және аудитi» тақырыбы бүгiнгi күнi өзекті  тақырып болып табылады. Сол себептен жоғарыда аталған тақырыпты диплом жұмысын жазу үшiн таңдап алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе бөлім,  негізгі үш бөлім, қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

Сонымен қатар  жұмыс кестелер, суреттер және диограммалармен кескінделген.

 Дипломдық жұмыс / 69 бет


You must be logged in to leave a reply.