МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………..3

1КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны………5

1.2 Бюджетпен  және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі…….9

2«КАЗТРАНСГАЗ-АЛМАТЫ» АҚ-НЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық көрсеткіштері және есеп саясаты..20

2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру……………………………………………………………………………………………..31

2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі…………..39

2.4Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру.43

ҚОРЫТЫНДЫ……..49

ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ….51

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. Қаржылық есеп беру екі бөліммнен тұрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік  серіктестік ұйымдарға арналған[1, 87 б].

Кәсіпорын қаржылық – шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қызқа мерзімді міндеттемелері пайда болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.

Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі [2].

Курстық жұмыстың мақсаты –Алматы қаласындағы «КазТрансГаз-Алматы» Ационерлік Қоғам материалдары негізінде қысқа  мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды және талдаудауды тану болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті. Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:

1. Қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;

2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;

3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;

4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;

5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйым-дастыру;

6. Кәсіпорындағы қысқа  мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылғын әдебиеттер тізімінен  тұрады. Әр бөлім бөлімшелерден құралған:

Бірінші бөлімде кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерінің ұйымдастырылу тәртібі, мазмұны көрсетілген.

Екінші бөлімінде бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру, еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру көрсетілген.

курстық жұмыс / 51 бет


You must be logged in to leave a reply.