М А З М Ұ Н Ы

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……6
АНЫҚТАМАЛАР…….7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР………8
КІРІСПЕ……..9
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі…….13
1.2 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері ……..24
2 «ТЕМИРЖОЛСУКЫЗЫЛОРДА» ЖШС-нің НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі өндірістік құралдардың қозғалысы есебі…….30
2.2 Негізгі құралдардың тозу есебі және есептен шығару……35
2.3 Негізгі құралдарды қайта бағалау және түгендеу……40
3 «ТЕМИРЖОЛСУКЫЗЫЛОРДА» ЖШС-нің НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
3.1 «ТЕМИРЖОЛСУКЫЗЫЛОРДА» ЖШС-нің экономикалық белсенділігін талдау…… 45
3.2 «ТемиржолсуКызылорда» ЖШС-нің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау
3.3 Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау …….49
3.4 Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату……..54
3.5 «ТемиржолсуКызылорда» ЖШС-нің негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары…….60
ҚОРЫТЫНДЫ……..69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..70
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал  өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының  басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен  өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы — өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әралуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің  есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы «Ұйымның негізгі капиталы есебі және оны тиімді пайдалану» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И.С. Степанова, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және тағы басқа  жұмыстары,    Қазақстанның О.Окаев, Т. Ашимбаев ,  С.К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.

Еліміздің Президенті ел басы Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 2 наурыздағы жолдауында “Экономикасы бәсекегеқабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей  Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз  жылжуы  мүмкін  емес.

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару , құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін [1], [2].

Жазылып отырған жұмыстың мақсаты — жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі — “ТемиржолсуКызылорда” ЖШС-нің мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады.

«ТемиржолсуКызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, онда біз 2009 жылдың біршама негізгі көрсеткіштері 2008 жылмен салыстырғанда кемігенін байқаймыз (А қосымшасы).

Атап айтқанда, өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатудан түскен табыс 2008 жылы 170005412 теңгені құраса, сол көрсеткіш 2009 жылы 226613357 теңгені құрап, 56607945 теңгеге көбейген. Өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатуға жұмсалған шығын да көрсетілген жылдар бойынша тиісінше 11850632 теңгеге көбейген. Кәсіпорынның жиынтық табысы да 2008 жылы 511367 теңгені құрап, 2009 жылы 520000 теңгені құрап 9000 жиынтық табыс көбейген.

Қысқа мерзімді актив ішінде қатты өзгеріске түсіп отырған баптар қысқа мерзімді дебиторлық берешек пен Тауарлы материалдық қорлар. Тауарлы материалдық қорлардың үлесі аса қатты жоғарламасада, абсолютті көлемі 2 еседей өскен. Тауарлы материалдық құндылықтардың былай жоғарлауы кәсіпорын қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жағымды факторы деп атауға болады, бірақ Тауарлы материалдық құндылықтардың өсуі айналымдылықтын бәсеңдеуіне әкелмеуі тиіс. Яғни кәсіпорын Тауарлы материалдық қорлар құрамында қолданыссыз жатып қалуы  мүмкін қорлардың болмауы қадағалауы тиіс.

Дебиторлық берешектердің абсолютті де үлестік те салмағы күрт өсіп отыр. Егер 2007 жылы дебиторлық берешек кәсіпорында болмаса (балансы теріс таңбамен берілгендікпен, ол кредиторлық берешекке жатады) 2008 жылы берешектер көлемі 34 млн-ға жетіп отыр. Бұл да кәсіпорын үшін оңтайлы жағдай емес. Өйткені кәсіпорын қаражаты өз қолында емес айналымнан шығып отыр. Тағы бір қауіпті жағы бұл берешектердің ішгінде күмәнді немесе үмітсіз берешектер болу мүмкіндігі.

Салықтық  активтер қарастырып отырған жылдарда төмендеуі, яғни кәсіпорын алдын ала төлеу көлемін азайтып отыр. Бірақ 2008 жылы киінге қалдырылған салықтық активтер пайда болған.  Материалдық емес активтердің 2008 жылы болмауы өткен жылғы баланста тұрған активтердің пайдалы қызмет мерзімі біткендіктен есептен шығарылуы мен түсіндіріледі.

Кәсіпорын активтерін құралу көздері әр түрлі болуы мүмкін: меншікті немесе заемдық. Сондықтан, талдау барысында кәсіпорынның активтер құралымен ғана танысып қоймай, олардың қандай көздерден құралғаның қарастырудың да маңызы зор. Активтер құралу көздері баланстың пассив жағында беріледі. Зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша құралу көздерінің құрамы берілген.

Мәліметтер бойынша активтерді қалыптастырудың негізгі көзі ретінде меншікті капиталды айтуға болады. Себебі оның абсолютті және қатынасты өсімі байқалады. Абсолютті мөлшермен алғанда 1160,9 % -ға немесе 3274 теңгеге өсті. Өз кезегінде қысқа мерзімді міндеттемелер 24,37 %-ға өскенімен  басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер төмендегені байқалады.

Дипломдық жұмыстың міндеті – пайдаланылған негізгі құралдардың талдауын жасап,  кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында: негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауы дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «ТемиржолсуКызылорда» ЖШС негізгі қорларын есебін ұйымдастыру арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші тараудың бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның  2  жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына  байланысты болатын оның  техникалық мүмкіншілігін тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің  талдауы, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін талданатын кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту мүмкіншіліктері және сатылары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және талдауы сұрақтарын қамтитын мөлшерлік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.

 Дипломдық жұмыс / 72 бет


You must be logged in to leave a reply.