Жоспар

 Кіріспе.

  1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
    1. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
    2. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
    3. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
    4. Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
    5. Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

     Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар  қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.

Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:

1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін  қарастыру.

2.Тауарлы –материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.

3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.

Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық материалдары қолданылған.

«Энергия плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру.  Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады:

— коммерциялық қызмет;

— жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;

— күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;

— көлікпен қамтамасыз ету;

— қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;

— ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС -ң  қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген міндеттерді және «Энергия плюс» ЖШС тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен  оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.

курстық жұмыс / 33 бет


You must be logged in to leave a reply.