МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ШЫҒЫНДАР – БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ БІР ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

1.1 Шығындар түсінігі және түрлері

1.2 Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

2 «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АҚ

2.1 «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қызметі

2.2 Кәсіпорынның техника – экономикалық көрсеткіштерін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының тақырыбы – Шығындар басқару есебінің негізгі бір объектісі ретінде. Тақырыптың өзектілігі – кәсіпорын мысалында шығындарға талдау жүргізіп, оларды жіктеу.

Шағын жоба барысында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ негізге алынып, оның атқарылатын қызметі, мақсаттары мен міндеттері көрсетілді, кәсіпорынның техника экономикалық көрсеткіштері талданды.

Жоба кіріспе мен екі негізгі бөлімнен, сонымен қатар қорытынды, қосымшалар, қолданылған әдебиеттер мен 5 кестеден тұрады.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімін жазу барысында:

Қорды бағалау үшін шығындардың келесідей жіктелетіні анықталынды: өнімге жұмсалатын шығындар мен кезең шығындары, тікелей және жанама шығындар, өндірілген өнімдердің өзіндік құны туралы есеп.

Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: өзгермелі және тұрақты шығын, шартты-өзгермелі және шартты-түрақты шығындар, аралас шыгындар жоғарғы және төменгі нүктелер әдісі, шашыранды әдіс, инженерлік әдіс және регрессиялық талдау; релевантты және релевантты емес шығындар, қайтарылмайтын шығын, альтернативті шығын (өзгермелі), инкрементті (өсетін) және маржиналды шығындар.

Бақылау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі: бақыланатын және бақыланбайтын шығындар, нормативті (стандартты) және нақты шығындар.

Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.

Екінші бөлімде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – ң атқаратын қызметінің бағыттары, алдына қойған мақсаттары мен кәсіпорынның техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалды.

«ПетроҚазақстан» компаниясының мақсаты – Қазақстандық мұнай саласындағы көпшілік таныған көшбасшыға айналу болып табылады.

курстық жұмыс / 16 бет


You must be logged in to leave a reply.