Мазмұны

І-ТАРАУ. КІРІСПЕ…..3
ІІ-ТАРАУ. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
2.1Сауда кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп…..4
2.2 Саудадағы бухгалтерлік есептің кірісі……..9
2.3 Саудадағы бухгалтерлік есептің шығысы….11

ІІІ-ТАРАУ. САУДАДАҒЫ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДЕЛДАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ-ТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ АУДИТТІК ТАЛДАУЫ
3.1«Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің қызметі мен құрылымы…13
3.2«Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің синтетикалық шоттар бойынша есеп регистірлері…18

ІҮ-ТАРАУ. САУДАДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ…..27

Қорытынды…..34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…35

І-ТАРАУ.  КІРІСПЕ

Осы курстық жұмыста мен «Сауда кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін. Тақырыптың өзектілігі: қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Д. Солозано «бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес» деген болса, адамзаттың өміріндегі маңызды — «Саудадағы бухгалтерлік есептің»  маңызы зор. Себебі бухгалтерлік есептің ішіндегі бұл бөлімнің  маңызы ерекше.

Осы курыстық жұмыстың мақсаты:  жалпы саудадағы бухгалтерлік есеп беруге шолу, оның маңызы және ерекшелігі бойынша қамтитын мәселелерді қарау.

Курстық жұмыстың міндеті: саудадағы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекетін сипатталып, оның табысы немесе шығыны алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Саудадағы бухгалтерлік есеп субъектілердің есебін беру, басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды. Сонымен қатар «Саудадағы бухгалтерлік есептің» кірістер мен шығыстарына тереңірек ашып көрсетіледі.

Бұл курыстық жұмысты жазу барысында әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық және шетелдік әдебиеттер тізімі, кезекті басылымдар  қолданылған.

 Курстық жұмыс / 35 бет


You must be logged in to leave a reply.