Жоспары.

Кіріспе

1 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер мен тоқтатылған қызмет түсінігі мен регламенттенуі

1.1 ХҚЕС 5 бойынша түсініктер регламенттенуі

1.2 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің жіктелуі

1.3 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді өлшеу

2 Ұзақ мерзімді активтерді қызметтің тоқтатылуындағы есебі және есепте көрсетілуі

2.1 Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топтың есебі

2.2. Тоқтатылған қызмет есебі

2.3. Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топты тоқтатылған қызметті есепте көрсету

3 Қаржылық есеп беру бойынша ұсыныстар мен жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған қайнар көздер тізімі

Кіріспе

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында.

Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын ролі зор. Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.[6]

Қаржылық есеп – бұл шаруашылық қызметтің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің тәртіпке келтірілген жүйесі, ол ағымдағы бухгалтерлік есеп ақпаратына негізделген.

Қаржылық есептің мақсаты – тұтынушыларды қандай да бір құрылымдағы қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін қаржылық жағдайдың шынайы көрінісін бейнелеу.

Қаржылық есеп субъект (кәсіпорын, ұйым) қызметіндегі жасалған жұмыстар мен шаруашылық операцияларының түпкілікті қаржылық нәтижесін көрсетеді. Субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын элементтердің активтері, міндеттемелерге және жеке меншіккапиталға топтастыруға болады. Топтастырылған ақпараттар қолда бар экономикалық ресурстарды, субъектінің оларды өркендеуге және бақылауға қабілеті жететінін ашып көрсетеді.[9]

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

Сонымен, бұл курстық жұмыста Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары ішінен 5«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер мен тоқтатылған қызмет есебі» қарастырылады. Осы Стандарттың мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтау және тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну әрі ашып көрсету болып табылады. Атап айтқанда, осы Стандарт:

(а) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтердің ең аз баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен өлшенуін және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын;

(b) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтерді баланстың өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді.

Осы Стандартта көзделген деректерді жіктеуге және ұсынуға қойылатын талаптар барлық танылған ұзақ мерзімді активтергі және кәсіпорынның шығаруға арналған топтарына қолданылады.

Кейде кәсіпорын активтер тобын шығаруды кейбір тікелей байланысты жағдайлармен бірге мүмкін бір операциямен жүзеге асырады. Мұндай шығаруға арналған топ ақша қаражатын құрайтын бірліктер тобы, ақша қаражатын құрайтын жеке бірлік немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін. Топқа қысқа мерзімді активтер және осы Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарынан 5-параграфпен алынып тасталған кәсіпорынның кез келген активтері мен міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер өлшемге қойылатын осы Стандарттың талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың өлшемге қоятын талаптары топқа, жалпы алғанда, топ баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азы бойынша өлшенетіндей болып қолданылады. Шығаруға арналған топтың бір бөлігі болып табылатын жекелеген активтер мен міндеттемелер болады.

курстық жұмыс / 24 бет


You must be logged in to leave a reply.