Мазмұны

Кіріспе

І. Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары                                                                        1-3

1.1. Қор биржасының міндеттері мен функциялары                   4-9

1.2. Қор биржасының мүшелері                                                        10-13

ІІ. Қор биржасындағы мәміле түрлері мен операциялар

2.1. Қор биржасындағы  мәліметтердің  негізгі түрлері мен Ерекшеліктері                         14-16

2.2. Биржаны басқару органдары                                                     17-25

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қор биржалары

3.1. Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының даму перспектив                  26-33

 Қорытынды                                                                                           34-35

Қолданылған әдебиеттер                                                                     35-36

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасын жақсартып, бекіту үшін қор нарығын дамыту керек және де қор нарығы әр түрлі меншік нысандарының және кәсіпкерліктің еркін қызметін қамту керек.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы үлкен орын алады, ол капиталдың қозғалысын реттеп және оның озін өзі реттеу жағдайларын жасай отырып, олар сонымен қатар портфельді инвестициялар ағымы арқылы дамуына ықпал етеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы -ақша массасының өсуін шектейтін, несие-ақшалай институтарының баланстарының заңдылығын қолдайтын және мемлекет бюджетінің дефицитін қаржыландыратын қайнар көзі.

Қазақстанның қор нарығы өзін инвестициялық механизм ретінде әлі де көрсете алған жоқ. Республиканың елбасы Н.Ә. Назарбаев қаржы секторы реформасын аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға шақырады және де оны реттеуде мемлекеттің үлкен ролін айтады. Мемлекет мұнда екі түрлі қатысады: берілген қызметтің заңдылығын қанағаттандыратын гарант рөлінде және дербес қатысушы-комитет ретінде. Қор нарығында мемлекеттің кәсіби және реттеу қызметін біріктіру — бұл көрініс әлемде көп, бірақ бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылардың дамымауына байланысты үкіметтің дұрыс есептелмеген қадамы нарықтың жалпы станациясына әкелуі мүмкін.

Қор нарығының проблемаларының тиімділігі ролінің кілті — меншік қатынасы. Осы қатнастар ғана қоғам типін және мақсатты бағытын, әлеуметтік және экономика-технологиялық құрылымын анықтайды. Меншік қатнастары материалдық қажеттіліктермен байланысты болғандықтан қор биржасындағы қызмет әлеуметтік-экономикалық жағдайға, республиканың даму темпіне тікелей әсер етеді. Қор нарығы нарықтық экономикада ерекше бөлінеді, ал қор нарығының ең маңызды бөлігі қор биржасы, сондықтан дақор биржасына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл нарықтың сату-сатып алуының объектісі арнайы тауар — бағалы қағаздар.

Қазір қалыптасып келе жатқан мемлекттік бағалы қағаздар және жаңа комитеттерінің агрессиялық әсері бар, көп жағдайда шынайы активтері жоқ мемлеттік нарықтың орнына кәсіпкерлік, түрғын, кәсіпорындардың құрылысындағы инвестициялық проекттерге қызмет көрсететін қор нарығы пайда болу керек.

Қазақстанда қор нарығы жекешелендіру процесінің логикалық элемент ретінде қалыптасты, мүнда мемлекеттік реттеу үлкен роль ойнайды. Зейнетақы реформасы, массалық жекешелендіру — бұндай барлық ұйымдастырулар бағалы қағаздар нарығына тікелей ықпал етеді, сонымен қатар бұндай тығыз байланыс бір элементтің дұрыс жүзеге асуы үшін басқа элементті дұрыстап шығару керек. 1998 жылға дейін қор нарығы көбінесе жекешелендіру процестеріне қызмет көрсетті, бағалы қағаздарға спекулянттық салымдар салды. Акционерлеу арқылы бірінші рет акцияларды орналастыру жүргізілді.

Корпоративті облигациялар нарығының дауына объективті себептер бар. Бағалы қағаздар нарығының дамуы анализі арқылы қор нарығы дамуындағы жиналған тәжірибені бағалауға, қазіргі жағдайында өткендегі қателерін ескере отырып, ұлттық экономиканың ерекшеліктерін, нарық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне критикалық қарауға, берілген нарықтың даму жолындағы болашақ мақсаттарды және оларға жету жолдарын қарастыруға мүмкіндік аламыз.

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік басқару ғылыми дәлеледенген және дұрыс жасалған, болып жатқан жағдайларды ескеретін экономикалық өсу мақсаттарына сай келетін концепцияға сүйену керек.

Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеу белгілі органдардың тікелей не жанама түрде нарық қызметіне араласуы. Тікелей мемлекеттің араласуына мемлекеттік органдардың заңишығармашылық қызметінің комплексі және бағалы қағаздар нарығыныңпроблемалары бойынша орындайтын өкімет органдары кіреді. Қор нарығының негізігі заңи инфрақүрылысына ҚР елбасының «Бағалы қагаздар мен қор биржасы» туралы заңи күші бар жарлығы (21/04/95ж.) және ҚР Үкіметінің жарлығы бойынша шығарылған нормативті-құқықтық актілер тізбегі, бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия (БҚҰК):

—    «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 5 наурыз 1997ж.

—    «ҚР бағалы қағаздармен келісімдердің тіркелуі» 5 наурыз 1997ж. Жанама әсер ететін жүйеге кіретіндер:

—    мемлекеттің салық саясаты;

—    депозит, займ, несие бойынша үкіметтің гарантиясы;

—    айналымдағы  ақша массасын  және  қарыз  пайыз  молшерлемесіне мемлекет тарапынан әсер етіп берілген несиені бақылау;

—    қарыз   капитал   нарығына   мемлекеттің   шығуы,   корпорацияларға тікелей бәсекелес жасу мақсатында;

—    мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты;

Бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық институттар қызметіне бағытталған және реттеуші рөлді мемлекеттік органдарға берілген. Қазақстанда бұндай орган бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша ҚР ¥лттық банк Департаменті, қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, меншікті реттеу бойынша Мемлекеттік комитет және жекешелендіру бойынша Мемлекеттік комитет. Реттеу органдары инвесторларды қаржылық жоғалтулардан қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Бұл, біріншіден, бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларын тіркеу; екішіден, экономиканың барлық субъектілеріне шынайы ақпарат беру; үшіншіден, бағалы қағаздар нарығында бақылауды және құқықты жүзеге асыру.

Курстық жұмыс / 36 бет


You must be logged in to leave a reply.