МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
1.1 Банк жүйесінің мәні және оның атқаратын қызметтері 6
1.2 Банк қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері 15
2 ҚАЗАҚСТАНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 24
2.1 Қазақстан банк жүйесінің даму деңгейі және оның экономикалық бәсекелесіне ықпалы 24
2.2 ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктер өтімділігі мен валюта жүйесін реттеудегі рөлі 35
2.3 ҚР банктік қызметті мемлекеттік- құқықтық реттеуін талдау 47
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

        Соңғы онжылдық біздің еліміз үшін «өзгерістер дәуірі» болды. Елімізде көпкуладты нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған толық ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Мұнда күшті де серпінді дамыған банк секторын жасау маңызды рөл атқарады. Бұл кезең тарихта банк секторы ішіндегі бүкіл қарым-қатынас жүйесін, яғни Ұлттық банк тарапынан басқару және бақылау саясатын түбегейлі өзгерткен монобанктік жүйеден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы жаңа банк секторына көшу, әмбебап банктер жүйесін қалыптастыру кезеңі болды.

Еліміз өз егемендігін алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде мемлекет өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттің ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттік) саясаты жатады.

Экономиканы ақшалай-несиелік реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады. Банк жүйесі қазіргі заманғы экономикада екі деңгейлі болып келеді, яғни мемлекеттің эмиссия саясатын іске асырушы орталық банк (біздің елде Ұлттық банк) және екінші деңгейлі банктер.  Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервін басқарады, коммерциялық банктердің арасындағы шот айырушы ретінде қызмет атқарады, оларға міндетті резервтер талаптарын белгілейді. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын органы болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бір сөзбен айтқанда, экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі таңда нарықтық экономикада банктік жүйенің ролі ерекше. Банктік жүйе–нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланыста болады.

Осылайша банктік жүйе елімізде қалыптасып, экономиканың тиімді қызмет етуіне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлі саясаттары арқылы экономиканы өтпелі кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.

Қазір елімізде банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгілі. Елбасымыз «Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» атты  Жолдауында ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыттардың бірі– қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейін қалыптастырудағы осы банк жүйесінің рөлін айқындайтын негізгі басымдықтарды атап өткен. Ол, ең алдымен, біздің банктеріміздің жергілікті нарықтағы, өңірлік әрі халықаралық жобалардағы бәсекелестік күреске әзір болуы керектігін басып айтты. Сондай-ақ, банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі бар секторларына нарықтық тұрғыдан тиімді қолдау көрсетуі үшін жағдай жасау және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға қатысуын күшейту және де екінші деңгейдегі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы жобалардың іске асырылуына тарту туралы маңызды мәселені шешу керектігі айтылады. Бұлардың барлығы банк жүйесінің экономикадағы, соның ішінде қаржы секторындағы басымдық рөлін айқындап, оны одан әрі дамытып және мемлекет тарапынан реттеу керектігін дәлелдей түседі. Міне, сондықтан, дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті мемлекеттік-құқықтық реттеу».

Тақырыптың өзектілігі-әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтиже береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асуының мүмкіндігін қарастыру. Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір фактор банк жүйесінің дамуы. Өйткені банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақыт сатысында тиімді, нәтижелі және болашақ бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Экономика басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады.

Зерттеу пәні-Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктерге әсер етудегі экономикалық қатынасын анықтау.

Зерттеу объектісі-Қазақстан Республикасының банктері, соның ішінде Ұлттық банк.

Негізгі мақсаты-банк ұғымының мәнін және қалыптасу негіздерін мазмұндап, еліміздегі олардың түрлері мен қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру. Сондай-ақ, банктік қызметтерді реттеу мен қадағалау әдістерін және тұтас банк жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау.

        Мақсатқа сәйкес бітіру жұмысының міндеттері:

  • Банк жүйесінің қалыптасу және даму мәселелерін ғылыми- теориялық негіздеу;
  • Банк түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру;
  • Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктер өтімділігін реттеудегі рөлін анықтау;
  • Елімізде банктік қызметті мемлекет қаншалықты деңгейде реттейтінін анықтау;
  • Қазақстанда банк жүйесін жетілдірудің маңыздылығын айқындау.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде, банктің қаржы кәсіпорны ретіндегі мәні және қалыптасу негіздері, олардың түрлері, қызмет ету ерекшеліктері сипатталады. Екінші бөлімде, еліміздегі банктік жүйенің қалыптасуы және дамуы, Ұлттық банктің экономикадағы рөлі мен жүргізетін саясаттарын және екінші денгейлі банктер өтімділігін реттеудегі рөлі баяндалады. Сонымен қатар, дағдарыс жағдайында банктік қызметтерді мемлекеттік реттеу мен қадағалау шараларының қаншалықты деңгейде жүріп жатқаны қарастырылады.

Дипломдық жұмыста осы салаға қатысты отандық және шетелдік ғалым экономистердің еңбектері мен ҚР президентінің жолдаулары, заң күші бар жарлықтары, ҚР «Банктер және банк қызметі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Ұлттық банк туралы» заңы, ҚР Ұлтық банк пен екінші денгейлі банктердің статистикалық деректері, нормативтік құжаттар мен ережелер басшылыққа алынған.

 Дипломдық жұмыс / 61 бет


You must be logged in to leave a reply.