Мазмұны

Кіріспе…………….. 3

1 Қаржылық салымдарды аудиттеудің теориялық негіздері…… 5

1.1. Қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі…. 5

1.2. Қаржылық инвестициялардың есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері мен ақпараттық көздері….. 10

1.3. Қаржылық инвестицияларды аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу         11

2. Кәсіпорын нысанындағы қаржылық инвестицияларды аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері…… 14

2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты    14

2.2. Кәсіпорын бойынша қаржылық инвестициялардың есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы……… 19

2.3. Кәсіпорындағы қаржылық инвестициялардың аудиті……. 23

3. Қаржылық инвестицияларды жетілдіру жолдары……. 28

3.1. “Либелла Боттлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау…….. 28

3.2. Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 31

Қорытынды………. 36

Пайдаланылған ақпарат көздері…… 38

Кіріспе

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық салымдардың аудиті» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде…”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.

Бұл курстық жұмысымда І бөлімінде инвестиция туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын,  ал ІІ бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып,  зерттеу объектісі ретінде “Либелла Боттлерс” ЖШС  басты назарға алдым ІІІ бөлімді сол кәсіпорынның қаржылық инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдарына арнадым.

Қаржылық инвестиция ­– ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.

Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.

Қаржылық инвистициялардын есебі  ХҚЕС сәйкес №32  «Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» халықаралық қаржылық есеп  стандартына сәйкес жүргізіледі.

Қаржылық инвистициялардың ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылады.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және  көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.

«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады: — қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз; — шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;  — Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану.

Курстық жұмыс / 38 бет


You must be logged in to leave a reply.