26. декабря 2011 · Комментарии к записи Қаржылық есепті ұйымдастыру отключены · Categories: Бухгалтерлік есеп және аудит, бюджеттік есеп, басқарушылық есеп

ЖОСПАР

КІРІСПЕ————3

І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ——-6
1.1 Қаржылық есеп берудің мәні, мақсаты және қағидалары————6
1.2 Қаржылық есеп беруді жасау———————-9
1.3 Қаржылық есеп берудің элементтері———12

ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ———18
2.1 Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі қателерді жөндеу———-18
2.2 Іскер ақпарат көздерін жіктеу—————23
2.3 Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру———26
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызмет————29
2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба——31

III. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢ —————-34
3.1 Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі———-38
3.2 Қаржылық есептілік және элементтері————-43
3.3 Қаржылық есептің жүйесін реттеу—————49
3.4 Қорытынды ережелер———59

ҚОРЫТЫНДЫ——————62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР———-64
Қосымша материалдар мен құжаттар

КІРІСПЕ

          Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы № 234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi. Сонымен қатар еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең ауқымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп қаржылық есептердің элементтерін атайды.

Қаржы-шаруашылық қызметін бағалаумен тікелей байланысқан қаржылық есеп беру элементтері мыналар:

1)    кірістер — меншіктеушілердің салымына байланысы жоқ, меншікті капиталды көбеюіне әкелетін активтің немесе олардың құнының артуы, не болмаса міндеттеменің азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың өсуі.

2) шығыстар — меншіктеушілер арасьшдағы бөлуге байланысы жоқ, меншікі капиталдың кемуіне жетелейтін, активтердің немесе олардың құнының азаюы, не болмас: міндеттеменің ұлғаюы түрінде есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың азаюы.

Қаржылық есеп элементтерін мойындау, тану — мойындаудың мынандай критерийлерін қанағаттандыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін бапты нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу процесі:

1)  бапқа байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы субъект алады немесе жоғалтады деген ықтималдық бар;

2)    объектінің сенімді өлшенетін құны немесе бағасы бар.

Қаржылық есеп элементтерін бағалау — ақшалай соманы анықтау тәсілі, ол бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық есептерде мойындалады және мыналар бойынша бағаланады:

•     бастапқы бағатымен. Активтер оларды сатып алған кезде қол жеткен тараптардың келісімі мен белгіленген ағымдағы құны бойынша немесе төленген ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелер — міндеттемеге айырбасталып немесе кеі жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған (мысалы, салықтар) түсім сома бойынша жағдайлардың қалыпты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау үшін төленетін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі.

•     ағымдық құнымен. Активтер есепте сол немесе соған ұқсас актив енді ғана сатып алынған жағдайда төленуге тиісті ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетілетін міндеттемелер оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражаттың дисконтталмаған сомасы бойынша көрсетіледі;

• өткізудің (өтеудің) ықтимал құнымен. Активтер сатудан алынуы мүмкін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер — оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражат;

• дисконтталған құн. Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысындағы активтерді генерациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімнің дисконтталған құны болып танылатын ағымдағы құны бойынша;

•   баланстық құнымен. Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік балансы көрсетілетін құны.

  Диплом жұмысы / 64 бет


Comments closed.