Мазмұны

Кіріспе
Тарау І. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1.1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
1.2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әдістері
1.4. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.

Тарау ІІ. Коммерциялық банктердеі қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі («ЦентрКредитБанкі» АҚ мысалдарына негіздей отырып)
2.1. Несие алуға деген өтінішті және несиелік құжаттар пакетін талдау
2.2. Қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік қабілетін талдау
2.3. Қарыз алушы заңды тұлғаның несиелік қабілетін талдау

Тарау ІІІ. Несиелік бюро – қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың мейлінше жетілдіру инструменті ретінде
3.1. Несиелік бюроларды құрудың ролі мен шетелдік тәжірибелері
3.2. Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды құрудың ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе 

Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерінболдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.

Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру, несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие міндеттемесі сатып алу түрінде беріледі.

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелрді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Неиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Сондықтан да банк қарыз алушыларға несиені бермес бұрын, оның несие қабілетін анықтап алу қажет. Қарыз алушылардың несие қабілетін анықтау ол әр банктің өзінің несиелік саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.

Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:1

    1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
    2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
    3. Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Жоғарыда айтылғаннан соң, берілген тақырыптың актуальдылығы болып банктердің негізгі қызметтерінің бірі несиелік операция болып табылатындықтан, ал несиелік ресурстарға қазіргі кезде сұраныс қатты өскендіктен, банктерге несиелік тәуекелдерден сақтану және төмендету мақсатында міндетті түрде қарыз алушының несие қабілетінің әдістемелерін жаңарту қажет.

Берілген тақырыптың зерттеу мақсаты болып қарыз алушының несие қабілетін талдаудың теориялық және тәжірибелік негізін оқып үйрену болып табылады.

Қойылған мақсатқа байланысты мәселелерді келесі кезеңдермен шешу қажет:

      1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың қажетті және маңызды сұрақтарды қарастыру;
      2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдаудың әдістерін зерттеу;
      3. Қазақстан Республикасында және шетелдерде пайдаланылатын қарыз алушының несие қабілетін бағалау әдістерін қарастыру;
      4. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау бойынша жобаларды қарастыру;
      5. Шетелдердегі несие бюроларын құру әдістерін зерттеу және оның Қазақстан Республикасында бейімделу мүмкіндігі.

Қарыз алушының несие қабілетін талдау бойынша зертеу объектісі болып «ЦентрКредит» Банк АҚ қызметі болып табылады.

Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі болып – Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің нормативтік нұсқаулары, «ЦентрКредит» Банк АҚ несиелік саясаты мен ережелері, Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттіктің мәліметтері болып табылады.

Теориялық негіз болып – несиелендіруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері табылады.

Дипломдық жұмыс / 70 бет


You must be logged in to leave a reply.