МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Шығындардың теориялық мазмұны және жіктелуі
1.2 Өндірістік шығындар есебінің мақсаттары мен міндеттері
1.3 Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
1.4 Өндірістік шығындар есебі бойынша шетел тәжірибесі

2 «СЕМЕЙ БЫЛҒАРЫ МЕХ КОМБИНАТЫНДА» ЖШС ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
2.1 «Семей былғары мех комбинаты» ЖШС құрылу тарихы және техника-экономикалық көрсеткіштері
2.2 Кәсіпорынның өндірістік шығындар есебі
2.3 «Семей былғары мех комбинаты» ЖШС-де өндірістік шығындар есебінің сатылары және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
2.4 Өндірістік шығындар есебі бойынша жетілдіру шаралары

3 «СЕМЕЙ БЫЛҒАРЫ МЕХ КОМБИНАТЫ» ЖШС ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Шығындар және өнімнің өзіндік құнын талдау
3.2 Өндірістік шығындардың аудиті
3.3 Өндірістік шығындардың аудитін және талдауын жетілдіру
жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазақстанның салауатты экономикалық  өрлеу стратегиясы мықты, тұрақты нарықтық экономиканы  қалыптастыру,  дамыған  50  елдің  қатарына қосылу  және  бірінші  Азиялық  Барыс  болу  болып табылады. Бұл стратегияны  жүзеге  асыру  үшін  Қазақстан  отандық кісіпорындардың тұрақты экономикалық  дамуынсыз, ішкі тексерусіз, сапалы өнім шығарып,  қаржылық  жағдайды  жүйелі  түрде  жоспарлаусыз,  шет ел  тәжірибесіз  жедел экономикалық  өрлеу  мен  жаңартуға  қол  жеткізу  керек  тігін  көз  алдымызға елестету қиын. Елдің экономикасын  басқару  құралына аса қажетті  әр  түрлі кәсіпкерлік саладағы шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін ұйымдастыру,   жоспарлау,  тексеру  жоғары  нәтижеге алып келеді.  Қазіргі кезде  отандық  кәсіпорындар  мен  серіктестіктер  үшін  өнімнің  өзіндік  құнын төмендету — бұл  пайданы  жоғарлатудың  және саланың  рентабельділігін көтерудің  маңызды  резерві  болып  саналады. Сондықтан, қазіргі кезде отандық  бухгалтерлік  есептің тәжірибесінде өндірістік шығындардың құрамын нақты анықтау, өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау,  кәсіпорын  қызметінің  қаржылық  нәтижесін  жүйелі  түрде ұйымдастыру  басты  мәселелердің  бірі  болып  табылады.

Нарықтық  экономика   жағдайында  өндіріс  шығындарын  жүйелі есептеу  кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін зор табысқа кенелтеді.  Кәсіпорынның алға қойған басты міндеттерін анықтауға өндіріс шығындар есебі   келесідей мүмкіндікте  береді: жеке  өнім  түрлерін  және өндіріс  тиімділігін анықтауға;  ішкішаруашылық  есепті  нақты  жүргізуге; өзіндік  құнды  төмендету қорларын анықтауға; өнімге баға белгілеуге; өндірісте  жаңа  өнім  түрлерін өндіруге немесе сатуға тиімсіз ескірген үлгілерді  өндірістен  шығаруға  шешім  қабылдауға;  мемлекет  көлемінде ұлттық  табысты есептеуге; қажет болған жағдайда жаңа техника, технологияны  қолдануға  негіз   болады.

Өнімнің   өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік қызмет нәтижесінің басты көрсеткіші болып саналады. Берілген  көрсеткіш – пайданы басқарудың негізгі құралы болып табылады, ал пайда — коммерциялық кәсіпорын жұмысының  басты  мақсаты болып табылады. Өзіндік  құн  құрамын   дұрыс есептеу  үшін  өндірістік  шығындарды  анықтаудың  ролі   зор. Нақты  өзіндік құнға  дұрыс  баға  бермей, тиімді  әрі  дұрыс  басқару  мүмкін  емес. Өндірістік шығындарды анықтау —  көп  салалы  процесс,  материалдарды  сатып алудан – дайын  өнімді өткізуге  дейінгі  барлық  шаруашылық  қызметтің     аспектілерін қамтиды.

Нарықтық  қатынастардың  кең етек  жаюы жағдайында, өзіндік  құн кәсіпорынның  өндірістік-шаруашылық  қызметінде  ең  маңызды көрсеткіш болып   саналады.  Бұл   көрсеткішті есептеу  жоспардың   орындалуына   баға беру  үшін   және  кәсіпорын   қызметінің әртүрлі  көрсеткіштерін дұрыс анықтау үшін қажет: өндірістің және жеке өнім түрінің рентабельділігін анықтайды; ішкі шаруашылық есептілікті жүргізу; өнімнің өзіндік құнын төмендету   резервтерін  анықтау;  өнімге   баға   белгілеу; өндіріске   жаңа    өнім түрін  енгізіп  және  өндірістен  ескірген  өнім  түрін  шығарып   шешім қабылдау  үшін  маңызды.

Өнімнің  өзіндік  құнын  басқару   жүйесінің  негізгі   элементтері  болып болжау мен жоспарлау; шығындарды мөлшерлеу; калькуляция және есеп жүргізу;  өзіндік   құнға  бақылау  және талдау жасау болып табылады. Бұлардың  барлығы  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады.

Дипломдық   жұмыстың   тақырыбы: «Өндірістік шығындардың есебі және аудиті». Берілген  тақырыптың  өзектілігі  — өзіндік құнды төмендету, шаруашылық субьектісінің табысы мен шығынын есептеудің негізін,  экономиканы  дамытудың  басты  факторын  анықтау  болып  табылады.

Жұмыстың зерттеу объектісі «Семей былғары мех комбинаты» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі болып  табылады.

Дипломдық   жұмыстың басты мақсаты — өндірістік шығындар есебін және   өнімнің  өзіндік  құнын калькуляциялауды анықтау. Осы мақсатқа жетудің  басты жолдары: өндірістік  шығындардың  және өнімнің  өзіндік құнының  калькуляциялау; өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстың, көрсетілген  қызметтің  көлемі,  ассортименті және сапасына бақылау жасау және жоспар бойынша  осы  көрсеткіштердің  орындалуын   анықтау; өндірістік шығындардың есебін жүргізу және шикізат, материал, еңбек және басқа да ресурстардың  бекітілген  шығындар   сметасына сәйкес келуін анықтау; өнімнің өзіндік  құнын   калькуляциялау  және өзіндік  құн  бойынша жоспардың орындалуын тексеру; өзіндік құнды төмендету бойынша шаруашылық  бөлімшелердің қызмет нәтижесін бағалау; өзіндік құнды төмендетудің резервтерін анықтау.

Алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін келесі мәселелерді шешуді талап етеді: өндірістік шығындар есебін, өнімнің өзіндік құнын анықтауда калькуляцияны  қарастыру;  өндірістік  шығындарды ұйымдастыру қағидаларын анықтау; шығындар элементтерін қарастыру; өндірістік шығындарды  калькуляциялық   баптар  бойынша   анықтау; аяқталмаған өндіріс  есебін  қарастыру  және  ескеру.

 Дипломдық жұмыс / 60 бет


You must be logged in to leave a reply.