Мазмұны:

  1. Кіріспе……3

1.1      Шығындардың жіктелуі және тәртібі…….4

1.2      Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы    анықтаудың өндірістік шығын есебі………..10

1.3      Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау……….11

II.  Негізгі бөлім

 

2.1      Дайын өнімнің есебі….21

2.2      Дайын өнім аудиті…….22

2.3      Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі……..23

2.4      Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат………27

2.5      Шығынды бюджеттеу және бақылау………….28

III. «Сұлтан Маркетинг» компаниясы

3.1    Компания туралы ақпарат…………..31

3.2    Компания өнімдері……….31

3.3    Компанияның эксорт саясаты……………………32

Қорытынды…………………….33

Пайдаланылған әдебиеттер…….34


Кіріспе

Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты — өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті – қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.

Бұл курстық жұмыс 3 бөлімнен құралған. Оның бірінші бөлімінде дайын өнім туралы түсінік, дайын өнімді өндіруге кететін шығындар түрлері, өнімнің өзіндік құнын есептеу туралы мәлімет беріледі. Екінші бөлімінде дайын өнімнің есебі, дайын өнімді өндіруге кететін тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі туралы жазылған. Үшінші бөлімінде

Дайын өнім дегеніміз — кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте — бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста — іске қосылған негізгі қорлар; ауыл шаруашылығында — егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбілзаттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.

Қабылдау-тапсыру құжаты цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін.

Курстық жұмыс / 34 бет


You must be logged in to leave a reply.