26. декабря 2011 · Комментарии к записи Нарық жағдайында құрылыс ұйымдарының тиімділігін арттыру жолдары отключены · Categories: Бухгалтерлік есеп және аудит, бюджеттік есеп, басқарушылық есеп

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……..6
2. КӘСІПОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІ…..32
2.1. “Алматыоблауырқұрылыс” АҚ-ның экономикалық қызметінің көрсеткіштерін талдау…….32
2.2. “Алматыоблауырқұрылыс” акционерлік қоғамының қызмет ету тиімділігін талдау………52
3. ҚҰРЫЛЫС КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ…………57
3.1. “Алматыоблауырқұрылыс” акционерлік қоғамының қызмет ету тиімділігін арттыру шаралары……….57
3.2. “Алматыоблауырқұрылыс” акционерлік қоғамының қызмет ету тиімділігін инновациялық жолмен арттыру.……68

ҚОРЫТЫНДЫ………….73
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….75

КІРІСПЕ

Қазақстанның қазіргі уақытқа сай даму сатысы – нарықтық экономикасына көшу, құрылыс саласында жоспарлы басқарудан бас тарту құрылыс кәсіпорындарында басқарудың нарық жағдайында қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа жүйесін құруды талап етеді. Бірақ құрылыс кәсіпорындарының нақты кәсіпорынның жағдайы мен нарықтық бәсеке қабілетті кәсіпорынның экономикалық жағдайы арасында үлкен айырмашылық бар.

Нарықтық экономиканың негізінен еңбек өнімділігін жоғарылатуды оңайландыратын, қызмет ету тиімділігін арттыратын құралы болып табылуында. Бірақ, мұндай жағдайда да қызмет ету тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын, қызмет ету тиімділігін арттыруға әсер ететін факторларын және оларды айқындау  әдістемесін анықтау өте маңызды болып табылады.

Кез келген кәсіпорын үшін белгілі бір уақыт аралығындағы шығындар мен табыс динамикасын  көрсететін қаржы нәтижелерін ескеру өте маңызды.

Бірақ, тиісті өндірістік стратегияға, өндірістік ресурстар мен өткізу нарықтарының дамуын тиімді пайдалануға талдау жасалынбаса, ақшалай түрде көрсетілген қаржы ақпараты жеке тұрып, кәсіпорынның ағымдағы жағдайы мен болашақтағы дамуына баға бере алмайды.

Экономикалық тиімді қызмет етуге байланысты ең көп тараған көзқарас, оның техникалық өзгеруі жағынан (өндіріс көлемінің өсуі, жаңа құрылымдарды енгізу жаңа техниканы пайдалану) қарастыруға бағытталған.

Екінші жағынан, кәсіпорынның белгілі – бір бағытта экономикалық дамуын, оның іс- әрекетін экономикадағы белгісіз, тұрақсыз жағдайларға бейімдеу  арқылы қамтамасыз етуге болады.

Қазақстан Республикасында нарықтық экономикада қарқыны жоғарылауды. Сонымен қатар шаруашылық үрдістің негізгі реттеуші механизмі ретінде бәсекелестікте жоғары қырқын алуда .

Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.

Қазіргі заман жағдайында кәсіпорын күн көрісін қамтамасыздандыру үшін басқару персоналына бәрінен бұрын өз кәсіпорнының сонымен қатар потенциалды бәсекелестерінің қызмет етуінің тиімділігінің дәрежесін бағалай білу керек. Қызмет ету тиімділігі – кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсеке артықшылығын, іскерлік келісімдегі потенциалын, қаржылық және өндірістік қатынастағы кәсіпорынның және оның істестерінің экономикалық назарының қаншалықты кепілдіктендірілгенін өндірісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанын анықтайды. Бірақ, кәсіпорын қызметіне оның алға қойған мақсатына жетуіне бір ғана тиімділік дәрежесін нақты бағалау аз.

Адамзат  қызметі тиімділікпен тікелей немесе жанама  байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақытты үнемдеу, қолда бар ресурстан барынша көп өнім алу

Тиімділік мәселесі —  бұл әр қашан таңдау мәселесі. Таңдау қандай өнім түрлерін, қалай өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай көлемін тұтыну керек.

Тиімділіктің деңгейі экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге әсер етеді.

Тиімділік латынның «effektus» сөзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.

 Диплом жұмысы / 75 бет


Comments closed.