М А З М Ұ Н Ы
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……6
АНЫҚТАМАЛАР……..7
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР……8
КІРІСПЕ……..9
1 КОНТРОЛЛИНГ БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
1.1 Контроллингтің кәсіпорынның басқару есебіндегі алатын орны……15
1.2 Табыстар және шығыстар контроллингінің әдістемелік тәсілдері….21
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТАР ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстардың есебі……35
2.2 Кәсіпорындағы шығындардың есебін жүргізу……38
2.3 Кәсіпорынның жиынтық пайда есебі…….47
3 «НҰР-АЙ» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ АУЫТҚУЛАРДЫ АНЫҚТАУ
3.2. Кәсіпорынның шығындарын бақылау және талдау…….53
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын бақылау және талдау…..56
3.3 Қаржылық көрсеткіштер негізінде ауытқуларды талдау…..60
ҚОРЫТЫНДЫ…….69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ….71
ҚОСЫМШАЛАР

 КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономи-касының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады.

Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы негiзде әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрi болып саналады. Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес кәсіпорын табысын алдын ала бюджеттеу арқылы анықтау өте маңызды орын алады.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның табыстылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі  мен өзгеше іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық  алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне  салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы  қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетті.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығай-тып, олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқа рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагентті қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.

Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың еңбектерінде бюджеттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, кәсіпорынның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Мемлекеттің экономикалық саласын, кәсіпорын табысын тиімді пайдалану мен жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономика саласындағы оқымысты-ғалымдардың классикалық және қазіргі уақыттағы еңбектерінде көрсетілген тұжырымдамаларын айтуға болады. Олар қазақстандық  В.К.Радостовец, С.С.Сатыбалдин, К.Ш.Дюсембаев, К.К.Кеулімжаев, М.С.Ержанов, Ф.С.Сейдахметова, А.Байдақов, Э.Нұрсеитов, К.Т.Тайғашинова, Ж.Н.Айтжанова, Р.Е.Джаншанло, М.У.Жандаулетова және тағы басқалар.

Аталмыш тақырып шетелдік әдебиеттерде терең зерттелген. Ф. Вуд, Э.С.Хендриксен, М. Ф. Ван Бреда, М.Р. Мэтьюс, М.X.Б. Перера, Б.Нидлз, Д.Миддлтон, Н.Г. Волков,  Г.Мюллер, Ж.Ришар, А.Д.Шеремет, В.В.Ковалев, П.С.Безрукий, Е.Н. Домбровская, Р.Г. Каспина, А.С. Логинов, Л.И. Куликов, М.И. Кутер, В.Д. Новодворский, В.Ф. Палий, Е.В. Самойлов, Я.В. Соколов, А.К.Гоголев, Е.А.Мизиковский, Н.А.Прокофьева, Р.С.Ушаков, Е.Стоянова, Д.А.Ендовицкий,М.В.Новикова, О.В.Ефимова, А.В.Суворов, В.М.Родионова, С.А.Николаева, Г.А.Шакирова, Е.Ф.Никитская және басқалардың еңбек-терінде қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарда жүргізілетін  бухгалтерлік есепті заңдық негіздерге сүйене отырып ұйымдастыру тәртібін жетілдіру.

Осыған орай, «Нұр-Ай» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шығыстар есебін, өнімнің өзіндік құнын жүзеге асырудың ақпараттық базасы зерттеудің объектісіне алынған.

«Нұр-Ай» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі Қазақстан Респуб-ликасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы және басқада заңдарға сәйкес құрылған. Серіктестік құрамында 50 адамы бар жылдық орташа активтік көрсеткіші алпыс мың есептік көрсеткіштен кем емес шағын кәсіпкерлік субъекті болып табылады. Серіктестік Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде заңды тұлға ретінде тіркелген (2003 ж. 3 шілдесінде берілген №1792-1901-ЖШС куәлігі) Серіктестік ойын және шоу бизнесімен айналысуға құқысыз.

Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, басқада несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі бар. Кәсіпорынның жеке меншік құқығындағы оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, сотта талап етуші және жауапкер бола алады. Өзінің даму мүддесі үшін және басқа да шаруашылық субъектілермен қарым-қатынас жасау үшін серіктестік басқа заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасай алады.

Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР Конституциясын және басқа заң актілерін, Қазақстан  Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын, сонымен бірге өз Жарғысын басшылыққа алады. Серіктестік біріккен кәсіпорындар құруға сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде құрылымдық бөлімшелер құруға құқықты [3] .

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымына келетін болсақ, оның:   жоғарғы органы-құрылтайшысы, Атқарушы органы-директор болып табылады.

Құрылтайшының құзырына мыналар жатады:

— серіктестіктің жарғысын өзгерту, жарғы капиталының мөлшерін белгілеу;

— серіктестіктің атқарушы органын құру және оның құзырын уақытынан бұрын тоқтату;

— серіктестіктің қадағалау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және құзыретін уақытынан бұрын тоқтату сол сияқты есептермен серіктестіктің тексеру комиссиясының қорытындысын бекіту;

— жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайданы бөлу;

— серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін құжаттарды қабылдау және оның процедураларын, ішкі ережені бекіту;

— серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктеріне қатысуын, сол сияқты коммерциялық емес ұйымдарға қатынасын шешу;

— серіктестікті тарату мен қайта құрылуы туралы шешу.

Серіктестіктің атқарушысы болып серіктестікке қатысушы ретіндегі директор болып табылады. Директор құрылтайшының құзыретіндегі істерден басқа барлық қызмет мәселелерін шешеді және құрылтайшыға есеп береді, оның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Директор серіктестіктің құрылтайшысынан берілген құзырет шегінде әрекет етеді және серіктестік қызметтері үшін міндеттемелерге ие болады.

Серіктестіктің қызмет мақсаты Қазақстан Республикасының серіктес-тікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет-терін біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестік өз мақсаттарына сәйкес өз қызмет түрлерін мынадай бағыттарда жүзеге асырады:

-Құрылыс қызметтері

-Көліктік-экспедиторлық қызмет ету жүк тасымалы

-Сауда-саттық,  делдалдық қызмет көрсету

Бұл тізім заң актілерімен белгіленген, басқа да қызмет түрлерін серіктестік берілген лицензия жүзінде жүзеге асыра алады.

Осыған қарап біден кәсіпорын мүлік жағдайына оң немсе теріс деп баға беруге болмайды, ол үшін активтердің ішкі құрылымын қарастыру керек.

«Нұр-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, онда біз 2010 жылдың біршама негізгі көрсеткіштері 2009 жылмен салыстырғанда кемігенін байқаймыз (А қосымшасы).

Атап айтқанда, өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатудан түскен табыс 2009 жылы 170005412 теңгені құраса, сол көрсеткіш 2010 жылы 226613357 теңгені құрап, 56607945 теңгеге көбейген. Өнімді (қызмет көрсету мен жұмыс) сатуға жұмсалған шығын да көрсетілген жылдар бойынша тиісінше 11850632 теңгеге көбейген. Кәсіпорынның жиынтық табысы да 2009 жылы 511367 теңгені құрап, 2010 жылы 520000 теңгені құрап 9000 жиынтық табыс көбейген.

Қысқа мерзімді актив ішінде қатты өзгеріске түсіп отырған баптар қысқа мерзімді дебиторлық берешек пен Тауарлы материалдық қорлар. Тауарлы материалдық қорлардың үлесі аса қатты жоғарламасада, абсолютті көлемі 2 еседей өскен. Тауарлы материалдық құндылықтардың былай жоғарлауы кәсіпорын қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жағымды факторы деп атауға болады, бірақ Тауарлы материалдық құндылықтардың өсуі айналымдылықтын бәсеңдеуіне әкелмеуі тиіс. Яғни кәсіпорын Тауарлы материалдық қорлар құрамында қолданыссыз жатып қалуы  мүмкін қорлардың болмауы қадағалауы тиіс.

Дебиторлық берешектердің абсолютті де үлестік те салмағы күрт өсіп отыр. Егер 2008 жылы дебиторлық берешек кәсіпорында болмаса (балансы теріс таңбамен берілгендікпен, ол кредиторлық берешекке жатады) 2009 жылы берешектер көлемі 34 млн-ға жетіп отыр. Бұл да кәсіпорын үшін оңтайлы жағдай емес. Өйткені кәсіпорын қаражаты өз қолында емес айналымнан шығып отыр. Тағы бір қауіпті жағы бұл берешектердің ішгінде күмәнді немесе үмітсіз берешектер болу мүмкіндігі.

Салықтық  активтер қарастырып отырған жылдарда төмендеуі, яғни кәсіпорын алдын ала төлеу көлемін азайтып отыр. Бірақ 2009 жылы киінге қалдырылған салықтық активтер пайда болған.  Материалдық емес активтердің 2009 жылы болмауы өткен жылғы баланста тұрған активтердің пайдалы қызмет мерзімі біткендіктен есептен шығарылуы мен түсіндіріледі.

Кәсіпорын активтерін құралу көздері әр түрлі болуы мүмкін: меншікті немесе заемдық. Сондықтан, талдау барысында кәсіпорынның активтер құралымен ғана танысып қоймай, олардың қандай көздерден құралғаның қарастырудың да маңызы зор. Активтер құралу көздері баланстың пассив жағында беріледі. Зерттеліп отырған кәсіпорын бойынша құралу көздерінің құрамы берілген.

Мәліметтер бойынша активтерді қалыптастырудың негізгі көзі ретінде меншікті капиталды айтуға болады. Себебі оның абсолютті және қатынасты өсімі байқалады. Абсолютті мөлшермен алғанда 1160,9 % -ға немесе 3274 теңгеге өсті. Өз кезегінде қысқа мерзімді міндеттемелер 24,37 %-ға өскенімен  басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер төмендегені байқалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: бухгалтерлік есепте өндірістік шығындарды талдау арқылы кәсіпорында бюджеттеуді ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндет-терін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, шығыстар есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

— кәсіпорында контроллингтің мәні мен маңызы зерттелді;

— контроллингтің кәсіпорынның басқару есебіндегі алатын орны;

— табыстар және шығыстар контроллингінің әдістемелік тәсілдері;

— кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен алынатын табыстардың есебі;

— кәсіпорынның жиынтық пайда есебі қарастырылды;

— кәсіпорынның шығындарын бақылау және талданды;

— кәсіпорынның табыстылығын бақылау және талданды;

— қаржылық көрсеткіштер негізінде ауытқулары талданды;

— кәсіпорын шығындарының  жіктелуі қарастырылды;

— қосалқы өндірістік шығыстардың  жіктелуі қарастырылды;

— үстеме шығыстардың  жіктелуі қарастырылды;

— шығындарды талдау қарастырылады;

— «Нұр-Ай» ЖШС қызметінің  экономикалық-ұйымдастыру сипаты берілді;

— кәсіпорынның шығыстар есебі мен аудиті жетілдіру жолдары ұсынылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы: отандық және шетелдік авторлардың монографиялық және периодикалық әдебиетімен қатар бухгалтерлік есепке қатысты қабылданған қазақстандық заңдар мен заңнамалық актілер дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын құрайды.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында табыс есебін ұйымдастыру бойынша, бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Зерттеу пәні –басқару есебінің құралы контроллингті кәсіпорын шығындары мен табыстарын бақылауда қолдану әдістерін қарастыру .

Зерттеу жұмысының құндылығы: жұмыстың негізгі ғылыми түйіндері мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері тек зерттеуге алынған объектілерде енгізіліп қалмай, Қазақстан Республикасы бойынша есеп саласының барлық бухгалтерлік жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсаты бар деп танылды.

Сонымен қатар өндірістік кәсіпорнында бухалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша теориялық және әдістемелік базаны кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғарғы оқу орындарында кәсіптік білім беру қызметінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен міндеттері, зерттелу дәрежесі мен әдіснамалық негізі, зерттеу объектісі тәжірибелік құндылығы көрсетіліп қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

Бірінші тарауда, кез келген ғылыми зерттеу оның теориялық негіздерінен бастау алатындықтан бізде зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауын «Контроллинг басқару есебінің құралы ретінде» деп атап,  контроллинг туралы жалпы түсінік бере отырып, оны  реттеу  механизмдерін қарастырамыз.

Екінші тарау «Кәсіпорынның табыстар және шығыстар есебін ұйымдастыру» деп аталады. Онда «Нұр-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мысалында табыстар және шығыстар есебін ұйымдастырамыз.

Үшінші тарауда, шығыстар есебі аудитінің бағдарламасы анықталып кәсіпорынның шығыстар есебі мен аудиті және оны жетілдіру жолдары қарастырылатын болғандықтан да бұл тарау «Нұр-ай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау негізінде ауытқуларды анықтау» деп аталады. Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

 Дипломдық жұмыс / 74 бет


You must be logged in to leave a reply.