МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…..3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МОЙЫНДАУ…..5
1.1 Міндеттемелер бағасы және түсінігі…..5
1.2 Міндеттемелер түрлері….. 7
1.3 Міндеттемелер аудитінің мәні мен мазмұны…… 9
2 КӘСІПОРЫН СИПАТТАМАСЫ МЕН МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТЫ…..12
2.1 Кәсіпорынның қысқаша экономикалық сипаттамасы…….. 12
2.2 Кәсіпорынның меншікті капиталының есебі мен аудиты…17
2.2 Жарғылық капиталының есебі мен аудиты.. 17
2.2 Резервтік капиталдың есебі мен аудиты…… 29
2.2 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі мен аудиты…… 30
3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы міндеттемелерінің есебі мен аудиты…..38
3.І Банктер мен банктен тыс мекемелерден алған несиелерінің есебі мен аудиты……38
3.2 Кәсіпорынның салықтық міндеттемелерінің есебі…….50
3.3 Кәсіпорынның кредиторлық берешектерінің есебі мен аудиты…..54
3.4 Қызметкерлермен есеп айрысу бойынша орын алған міндеттемелер…..58
ҚОРЫТЫНДЫ…..65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ….68
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазіргі нарықтық экономиканың дамуы және басқарушылықты одан әрі жетілдіруде, кәсіпорын дамуының жаңа стратегиясын дайындауда бухгалтерлік есептің мәні мен рөлі арта түседі.

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.

Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржы шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, үйымның нысанына, айрықша ерекшілігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Бухгалтерлік есеп аудит үшін ең маңызды мәлімет көзі, екіншіден, зерттеу іздестіру объектісі. Бухгалтерлік есеп нақты бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштерін үздіксіз өзара байланыста тіркеуге алады. Кәсіпорын шаруашылығында орындалған

жұмыстар арнайы құжаттарға түсірілгеннен кейін шаруашылық операциясы деп аталынып, бухгалтерлік есепке алынады.

Бухгалтерлік есептің соңғы сатысы, қорытындысы, ол кәсіпорынның қаржылық ақпараттары. Онда кәсіпорын мүліктерінің қорытынды есебі, міндеттемелерінің және жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесі, табыстылығы көрсетіледі. Сол ақпарат көрсеткіштерін аудитор тексеріп дұрыстығын анықтайды. Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудит фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргізеді. Аудитты тексеру барысында аудитор бухгалтерлік есептің заң талабына сәйкес нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргізілгенін анықтайды және бухгалтерлік есеп нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды, бизнес жоспарлар мен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет үрдісін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс — шараларды іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдану қажет.

Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебін құруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Кәсіпорындар міндеттемелерінің ішінде сонымен қатар ең маңызды орынды қарыз міндеттемері алады.

Диплом жұмысының міндеті меншікті капитал мен міндеттемелердің есебі мен аудитын толық ашып көрсету болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде ЖШС «Дастан»-гі алынды.

 Дипломдық жұмыс / 68 бет


You must be logged in to leave a reply.