Мазмұны

Кіріспе…….3
1 Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1 Коммерциялық банктердің жіктелуі……5
1.2 Коммерциялық банкті басқару және оның функционалдық құрылымы……..11
1.3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операция- лары…….15
2 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
2.1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару үдерісін ұйымдастыру……..20
2.2. Коммерциялық банктің капитал құрылымының қалып- тасуы……26
2.3. Екінші деңгейдегі банктердің ресурстарын активтерге орналастыру және олардың сапасын бағалау……..34
3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары
3.1. Коммерциялық банктердің есепті ұйымдастырудың негізгі бағыттары………34
3.2. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары…….41
Қорытынды……….56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……..59
Қосымшалар………61-62

Кіріспе

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммециялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктірілген.

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы  операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді[1].

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсалғанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде коммерциялық банктердегі есепті ұйымдастыру ерекшеліктерінің тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.

Коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі  мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, коммерциялық банктің есепті ұйымдастырудың  теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әр жақты көрініс тапқан. Сондықтан да, коммерциялық банктің есепті ұйымдастыру мен банктің активі және пассивін басқарудың теориялық және тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банктің есепті ұйымдастыруды   басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

— коммерциялық банктің жіктелуі, құрылымы мен басқару  теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі заманға сай банктің  қызметінің  мазмұнын анықтау және жасау;

— банктің активі мен пассивін кешенді басқару тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық- ақпараттық негізін айқындау;

— депозиттік қоржынды басқарудың банктің тұрақты пассивін қалыптастырудағы маңызын көрсету;

— депозиттік емес ресурстарын қалыптасу көздерін талдау мен бағалаудың, банктің өтімділігі мен тұрақтылығына тигізер әсерін айқындау;

— екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың қоржынындағы стандартты және жіктелетін активтердің шекті қатынасын айқындау;

— банктердің несиелік саясатының шегінде жасалған көрсеткіштер көмегімен отандық коммерциялық банктердің несиелік қоржындарының сапасын бағалау әдістемесін жасау.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  және қосымшалардан тұрады.

  Дипломдық жұмыс / 62 бет


You must be logged in to leave a reply.