МАЗМҰНЫ

Кіріспе …… 3

1 бөлім. Тамақ өнеркәсібі ….. 5
1.1 Сүт және сүт өнімдері …… 5
1.2 Құс шаруашылығы және құс еті …… 6
1.3 Ұн және ұн өнімдері ……. 7
1.4 Салалардың импорт алмастыру бағытындағы дамуы…..10

2 бөлім. Тамақ өнімдерінің өндірісі ….… 11
2.1 Тамақ өнімдері ………..11
2.2 Тамақ және қайта өндеу өнеркісібі … 12

3 бөлім. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы шығындарды есепке алу …….14
3.1 Оқушыларының тамақтану есебі …. 15
3.2 Қоғамдық тамақтану кәсiпорындардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ……16

Қорытынды ……20
Пайдаланылған әдебиеттер ……22
Қосымшалар

Кіріспе

     Қазақстан Республикасындағы бөлшек және көтерме сауда 2003-2007 жылдардағы статистикалық жинағында бөлшек және көтерме сауда тауар айналымы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызмет  керсету көлемi бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

республика бойынша;

облыстар бойынша;

тауар номенклатурасы бойынша;

қызмет түрлері бойынша ұсынылып отыр.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызметтеріне мейрамханалардың, асханалардың және басқа да кәсіпорындардың халыққа дайын тағам сатудан алған айналымы кіреді.

2009 жылы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 92,7 млрд. теңге мөлшерінде қызмет көрсеткен немесе тұрақты бағаларда 98,5%-ға өсті. Қоғамдық тамақтандыру саласында көрсетілген қызметтердің басым бөлігі (99,8%) мемлекеттік емес секторлар кәсіпорындарымен ұсынылған, олардың айналымы 92,5 млрд. теңгені құрады. Биыл негізгі бағытты шағын жөне орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісіңдегі осы сектордың рөлін күшейтуге бағытталған «Самұрық-Қазынаның» «Даму» қорының «Даму-Қолдау» бағдарламасы бойынша 3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде тамақ өнімдері де бар. Нақтырақ айтқанда, «Даму» қорынан Өскемендегі «Raimbek Vostok-Agro» серіктестігіне бұрынғы қаланың сүт комбинаты кешені аясында ұзақ мерзімге сақталатын зарарсыздаңдырылған сүт шығару бойынша жаңа өндірісті құру үшін 750 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған кәсіпорын сүт өндіруде еліміздегі көш бастаушы компанияға айналып отыр. Тұтыну стандарттарына сәйкес республика халқының тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілуін талдау, тұтастай алғанда республика тамақ өнімдерінің негізгі түрлерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп отырғанын көрсетеді: бидай, күріш, картоп, көкөніс, жидек, ет, сүт, жұмыртқа бойынша қамтамасыз етілу шекті мәннен жоғары;

қара бидай, бұршақ тұқымдас, алма, қант, құс еті, балық, майлы дақылдар мен күнбағыс бойынша нақты өндіріс тұтынудың стандарттық нормаларынан төмен. Қоғамдық тамақтану кәсiпорындары – негiзгi бағыты тауарды  тұтынатын     кәсiпорынға өткiзу үшiн жеке өнiмiн өндiру болып табылады. 2008 жылы тамақ өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн шығару көлемiн ұлғайту есебiнен 1999 жылғы деңгейден 16,1% артты. Отандық тауар өндiрушілердiң қызметi жанданды. Тамақ өнеркәсібінде сүт өнiмдерiнiң, шұжық, кондитерлiк тағам, жемiс және көкөніс шырынының, алкогольді ішімдіктің, сусынның, арасан суының түр-түрі кеңейтілді. Қазақстанда кондитер тағамдарын шығаратын аса ірі кәсіпорындар: «Рахат» (Алматы), «Баян сұлу» (Қостанай), «Қарағанды конфеті». Республикада аталмыш өнімдердің 85%-дан астамы осы кәсіпорындардың үлесін тиеді.

Сыра өндіруші негізгі кәсіпорындардың қатарына «Шымкентсыра» АҚ, «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» шетелдік кәсіпорыны, «№1 Алматы  сыра зауыты» АҚ жатады, бұл кәсіпорындар елімізде сыра өнімі көлемінің  үштен екісін  шығарады. Сыра өнімінің сапасы еуропалық стандартқа жақындатылды

Кәсiпорында есептiң басты объектiсi тауар болып табылады. 1330 «Тауарлар» шотының жiктелуi:

экономикалық мазмұны бойынша – бұл шот тауарлардың қозғалысы бойынша операцияларды есептеу үшiн арналған активтi шот;

құрамы мен орналасуы бойынша – бұл шоттың дт-тi бойынша алынған тауарлардың құны бейнеленедi, ал кт-тi бойынша сатып алушыларға жiберiлген немесе тиелгенi көрсетiледi.

Тауардың қозғалысы 10, 11 журнал – ордерлерде бейнеленедi.

Қоғамдық тамақтану кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп спецификасы өз негiзiнде өткiзу процесiмен және қоғамдық тамақтану кәсiпорындарындағы бөлшек өндiрiс процесi болып көрiнген «технологиялық процестер» ерекшелiктермен белгiленген. Еуропадағы нөмірі 14-ші гамма көкөністерінің еуропалық нарығы қазіргі таңда  2,2 миллиард евроны құрайды және ол өте серпінді дамуда (жылына 10%-ға өсуде). Қазіргі уақытта Бондюэль Еуропадағы жаңа піскен көкөністер сегментінде № 1 болып табылады және оның нарықтағы үлесі 20% құрайды. Жаңа піскен көкөністер Топтың тауар айналымының 23% құрайды, бүгінде кондитерлік өндірістің импорттық үлесі 54,2% құрайды. Бұл салаға 160 өнеркәсіптің 4-еуі жұмыс жасап тұр, қалғаны тоқтап тұр. 2001-2002жылдары Украинадан әкелінген карамельдің көлемі 45 есе, печенье тек 2001 ж. ғана – 40 есе өсті. Біздің ішкі нарыққа Ресей шоколадтарының үлесі – 46%, ал печенье – 45% құрап отыр. Егер біздің ішкі нарыққа БСҰ-ның  төмен дәрежелі тарифтік либералды ережесі әрекет етсе, онда елге бәсекелістікке қабілетті өнім түрі көптен ене бастайды, сонда көптеген қазақстандықтар кондитерлік өнеркәсіптер жабыла бастайды.

  Курстық жұмыс / 32 бет


You must be logged in to leave a reply.