МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 2

1-тарау. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі 4

1.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік. 4

1.2 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау. 5

2-тарау. Жұмысшының өнім өндіруі – кәсіпорынның негізгі тиімділік көзі 11

2.1 Жұмысшының жылдық өнім өндіруіне әсер ететін себептер. 11

2.2 Өндірістің тиімділігін арттыратын негізгі факторлар. 18

Қорытынды.. 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 29

Қосымша. 31

Кіріспе

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру  мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі  мен өзгеше іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық  алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне  салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы  қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқа рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттігі (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.

курстық жұмыс / 31 бет


You must be logged in to leave a reply.