Мазмұны

Кiрiспе………………..

1 тарау. Дебиторлық борыштар есебi…………

1.1. Дебиторлық борыштар есебiнiң мақсаты………………………………………..

1.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының есебi…………

1.3. Күмәндi дебиторлық борыштар……………………………………………………….

2 тарау. Дебиторлық борыштар  аудитi……………….

2.1. Дебиторлық борыштар  аудитiнің мақсаты……………………………………….

2.2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер борышының аудиті………..

2.3. Күмәндi дебиторлық борыштар резерв есебінің аудиті……………………..

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер тiзiмi

 

Кіріспе

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштары /Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын  /өтелінетін/  дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:

—         ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық  /алдын ала төленген/ төлем;

—         тапсырылған  /берілген/  шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

—         вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

—         негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

—         ұйымның лауазымды адамдарының  /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:

—         басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша шоттар  /дебиторлық борыштар/  иелік ету хұқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ  «дебиторлық борыш»  дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтеу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады.

Дипломдық жұмыста «Қос қанат» ЖШС нің мәліметтерін негізгі ала отырып, ізденіс жасадым.

Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.

Диплом жұмысы / 43 бет


You must be logged in to leave a reply.