Мазмұны

Кіріспе…….3
І. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру және Кредиторлық қарыздар есебінің түсінігі…….4
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің , жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулардың есебі…….4
1.2 Күмәнді дебиторлық берешектер есебі және еншілес серіктестіктердің(тәуелді)дебиторлық борыштарының есебі …….6
1.3 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу…….8
1.4 Салық міндеттемесінің және еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысулардың есебі…….9
1.5 Басқадай дебиторлық және кредиторлық қарыздармен есеп айырысу есебі……10
ІІ. Дебиторлық және Кредиторлық қарыздар аудитінің ерекшеліктері……13
2.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың және де жабдықтаушылармен есеп айырысулардың аудиторлық тексерілуі…..13
2.2 Күмәнді дебиторлық берешектер есебінің аудиті және еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебінің аудиті….17
2.3 Банк несиелері бойынша операциялар аудиті…..18
2.4 Салықтық міндеттемелерді аудиторлық тексеру ерекшеліктері және де еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу аудитінің тәртібі….19
2.5 Басқадай дебиторлық және кредиторлық қарыздармен есеп айырысудың аудиті……25
ІІІ. «Каспиан Сервис Групп Лимитед» ҚФ-на аудиторлық тексерудің жүргізілуі
3.1. Тәуелсіз аудиторлар есебі…….27
3.2. «Каспиан Сервис Групп Лимитед» ҚФ-ның есептілік нысандары……28
3.3. «Каспиан Сервис Групп Лимитед » ҚФ-ның аудиторлық тексеру қорытындысы……30
Қорытынды……32
Қолданылған әдебиеттер тізімі……..34

Кіріспе

         Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және аудиторлық қызмет туралы заңына сәйкес дебиторлық және кредиторлық берешектер қаржылық есеп берудің негізгі баптары болып табылады.

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша  міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы емес болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде  өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін  сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен пайыздар және т.б) пайда болады.

Кредиторлық берешек- бұл заңды немесе жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелер сомасы.Пайда болуына байланысты кредиторлық берешек қарапайым және анықталмаған болып бөлінеді.Сонымен қатар кредиторлық берешектер баланста бастапқы және соңғы есептілік кезеңі бойынша келесілердің қалдық сомасы бойынша көрсетіледі:

1) төленуге тиісті шоттар мен векселдер

2) алынған аванстар;

3) салық бойынша міндеттемелер;

4) төленетін дивиденттер;

5) басқа да кредиторлық қарыздар.

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі- кәсіпорындарда қарыздардың қалыптастыруы және оның экономикалық  қызметіндегі рөлі мен мақсатына қарай дебиторлық және кредиторлық берешектерге аудиторлық тексеру жүргізу.

Осы жұмысты орындаудағы басты мақсаттар мен міндеттер:

  • Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің , жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулардың есебін;
  • Күмәнді дебиторлық берешектер есебін;
  • Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебін;
  • Банктер мен  банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
  • Салық міндеттемесінің және еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысулардың есебін;
  • Басқадай дебиторлық және кредиторлық қарыздармен есеп айырысу есебін және сонымен қатар жүргізілетін аудиттің ерекшеліктерін ашып көрсету.

 Курстық жұмыс / 34 бет


You must be logged in to leave a reply.