Мазмұны

Кіріспе

I.Бухгалтерлік   есепті ұйымдастыру

1.1.Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық және әдістемелік  қамтамасыз етілуі

1.2. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері

I I. Негізгі бөлім

2.1. «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республукасының Заңы

2.2. Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары  және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

 Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

                                  Кіріспе

    Бухгалтерлік құжат – шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен  қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-1 бабына сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады:

—      уақтылы жасау;

—      позицияның сенімділігі;

—      дұрыс рәсімдеу.

Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер (реквизиттер) деп аталады.

Құжаттар-кәсіпорындар мен адамдардың арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әртүрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады.

курстық жұмыс / 18 бет


You must be logged in to leave a reply.