Жоспар.

Кіріспе.

1.Біріккен кәсіпорын құру сипаттамасы.

1.1 Біріккен кәсіпопын түсінігі және дамуы.

1.2 Біріккен кәсіпорын құрудың шетелдік тәжірибесі.

2. Қазақстанда біріккен кәсіпорын жағдайы және оны талдау.

2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау.

2.2. Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау.

3. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту болашағы.

3.1.Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы

Кіріспе.

“Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары” елімізде біріккен кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, біріккен кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және біріккен кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды-нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Қазіргі кездегі халықаралық бизнес ерекшелігі — тәуелді барынша төмендетуге ұмтылу. Өз кезегінде тәуекел дәрежесі экономикалық кеңістіктегі бизнес климатынан болады. Қолайлы экономикалық, заңды-құқықтық институтционалдық жүйе негізінде шаруашылық субъектілердің қызмет етуін “қолайлы экономикалық ахуал” деп аталады. “Қолайлы экономикалық ахуалдың” принципты базасына болып келесі факторлар жатады:

— жетілген салық жүйесі;

— оңайлатылған валюталық режим;

— бюджет жүйесі;

— кедендік режим;

— тиімді есеп беру мен  есепке алу;

— жетілген банк жүйесі;

— шаруашылық басқару органдарын жаңарту;

— жетілген сақтандыру жүйесі;

— әкімшілік басқару органдарын жаңарту;

— жетілген сақтандыру жүйесі.

Біріккен кәсіпорын формасында тікелей шетел инвестициясын тарту формасын таңдау, яғни біріккен кәсіпорындар құру туралы нақты шешімді қабылдау кезінде бірнеше факторлардың әсер етуін есепке алу керек. Оларға: өндірістік-технологиялық потенциал көлемін, ресурстарды пайдалануға берілетін рұқсат, нарықтық тартымдылығына кәсіпорынның салыстырмалы позициясының бағасы, нарық сыйымдылығы, істің салыстырмалы пайдалылығы, нарыққа ену кезіндегі шектеулер, нарықтың көлемі, оның даму тенденциясының бағасы (бәсекелестердің саны ма, өзінің артықшылықтары, өткізуді ұйымдастыру) жатады.

Біріккен кәсіпкерлікті зерттеу экономика интернационализацияланудың басқа формалары алдында келесі көрсеткіштермен сипатталатындай, бірқатар артықшылықтарды анықтайды: бірінші, шетел нарығына төменгі шығындармен және тәуекелмен шығу үшін, біріккен кәсіпкерлік жолымен кедергілерді жою;

Екінші, біріккен кәсіпкерлік негізінде мердігерлік және серіктестік қарым-қатынастардың ірі трансұлттық корпорациялардың үстемдік етуі алдындағы артықшылығы;

Үшінші, өндірістік қуаттардың, ұлттық компаниялардың керек-жарағының өзгеруінсіз қосылу мүмкіндігі;

Төртінші, ынтымақтастықтың әрбір “таза” формаларына жататын компоненттердің біртұтас құрамдас бөліктерінің болуы;

Бесінші, бірігуге жататын қаржылық міндеттемелерге байланысты әрбір серіктестіктің қаржылық қатысуын толық бағалауға кететін шығындарды азайту;

Алтыншы, протекционистік тосқауылдарды жою және ірі халықаралық инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға қатысуды кеңейту мүмкіндігі, яғни экспорттан бастап сыртқы нарыққа шығудың тікелей формаларына көшу;

Жетінші, шоғырланған елде үкіметтік жеңілдіктерді, субсидияларды, тапсырыстарды пайдалану;

Сегізінші, біріккен кәсіпкерлік процесінде мақсаттарға тез жетуге мүмкіндік беретін серіктестік қарым-қатынасты белсенді түрде дамыту.

курстық жұмыс / 34 бет


You must be logged in to leave a reply.