МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің ісін ұйымдастыру негіздері 5
1.2 Екінші деңгейдегі банктердегі есеп және есеп беру негіздері 14
2 ҚР-НЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 ҚР екінші деңгейдегі банктерде депозиттік операцияларды ұйымдастыру тәртібі және оның есебі 23
2.2 ҚР екінші деңгейдегі банктерінде заңды және жеке тұлғаларға несиелер беру операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 33
2.3 Банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі және олардың жүргізілу тәртібі 45
3 ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Қазақстанда екінҺші деңгейдегі банктердің арасындағы корреспонденттік қатынастарды дамыту 54
3.2 ҚР екінші деңгейдегі банктердің аудитінің ерекшеліктері 58
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе 

         Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының өте тез қарқынмен дамыған секторларының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келгені белгілі. Бүгінгі күні коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есеп банкті жалпы басқару жүйесінде басты орын алады.

Еліміздің экономикасындағы өзектілігі жоғары мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасының тұрақты өсуіне әсер етеді.

Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласында банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Қаржы-несие институттары мен банктік операциялардың қайта бағытталуына елдің Орталық банкісі мен екінші деңгейдегі банктердің өзара қарым-қатынастар жүйесінің өзгеруіне байланысты банктегі бухгалтерлік есеп және қорытынды есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылғандықтан ол дер кезінде маңызды ақпараттар алуға мүмкіндіктер береді.

Екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есебінің ерекшелігі жүргізілетін операциялар сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

Кез-келген заңды және жеке тұлғалар үшін есеп айыру операцияларының дер кезінде және тиімді түрде жүргізілуі банктер үшін де клиенттер үшін де маңыздылығы өте жоғары болып табылады. Міне, осы айтылған мәселелер диплом жұмысы ретінде таңдалған тақырыптың өзектілік мәнін білдіреді.

Диплом жұмысының мақсаты – екінші деңгейдегі банктердегі бухгалтерлік есеп пен аудиттің ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қойылды:

1. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің ісін ұйымдастыру негіздерімен тереңірек танысу;

2. Екінші деңгейдегі банктердегі есеп және есеп беру негіздерін оқып-үйрену;

3. Коммерциялық банктегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттардың жіктелуін қарастыру;

4. ҚР екінші деңгейдегі банктерде депозиттік операцияларды   ұйымдастыру тәртібі және оның есебіне тоқталу;

5. ҚР екінші деңгейдегі банктерінде заңды және жеке тұлғаларға қысқа, ұзақ мерзімді несиелер беру операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды ашып көрсету;

6. Банкаралық корреспонденттік қатынастар есебі және олардың жүргізілу тәртібін зерттеу;

7. ҚР-да екінші деңгейдегі банктердің арасындағы корреспонденттік қатынастарды  дамыту барысында «Money Gram» жүйесінің бухгалтерлік есебімен танысу,

8. ҚР екінші деңгейдегі банктердің аудитінің ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыстың зерттеу объектісі ретінде – ҚР екінші деңгейдегі банктердің бірі «Темір Банк» АҚ бухгалтерлік есебі мен аудиті алынды.

Диплом жұмысын жазу кезінде көптеген отандық және шетелдік экономистердің еңбектері пайдаланылды.

  Дипломдық жұмыс / 60 бет


You must be logged in to leave a reply.