30. декабря 2011 · Комментарии к записи Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі отключены · Categories: Бухгалтерлік есеп және аудит, бюджеттік есеп, басқарушылық есеп

Жоспар:

Кіріспе…….

І тарау
1.1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ………
1.2.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері……
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі……..
1.4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі…

2.0.Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі….
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі…….
2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі……
2.3.Ауыл шаруашылықта өндірілген өнімдердің есебі……
2.4.Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі……
2.5. Ауыл шаруашылық шығындарының синтетикалық және аналитикалық есебі…..
2.6. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары ……

ІІІ тарау
3.0.Қорытынды……..
ІV тарау
4.0.Пайдаланылған әдебиеттер…..

Кіріспе

Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.

Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 10-дығына кіреді), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.

Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222,6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн.га егістік (10,8%), 5 млн. га шабындық жер (2,2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.
Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7,3 млн адам немесе елдегі жалпы халық санының 47,2% құрайды.
Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.

Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген талабын толық қанағаттандыру үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің жылдық көлемін арттыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылдығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар. Олар өндірістің және меншіктің әр түрінің: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік және басқаларының ерекшеліктерінен туындайды.Бухгалтерлік есеп әр ұйым мен әр кәсіпорында жүргізіледі. Бұл жұмыспен барлық жұмысшы бухгалтерлер айналысады. Бухгалтерлік есептің барлық мәліметтерін кәсіпорынның жоспарын құру үшін басшылар, инвесторлар, несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар да қолданады. Олардың барлығына дұрыс қызмет атқарып және көп пайда табу үшін бухгалтерлік есеп керек. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп жалпы экономикалық принциптер, бухгалтерлік стандарттар және халықаралық қаржылық жоспарлау стандарттары бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарын қанағаттандырады. Осының арқасында кәсіпорындар мен ұйымдар барлық тұтынушылар үшін еркін қызмет атқара алады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің әр кәсіпорында жүргізілуінің өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін. Көптеген ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың бухгалтерлері өздері шешім қабылдап жатады, ол қабылдаған шешімдерін бухгалтерлік шотта көрсетіп отырады. Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбек және ақша ресурстарын бақылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның өзіндік құнын төмендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және оның мәліметтерінің жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы зор.  Бухгалтерлiк есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағлап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк есеп көптеген жүзжылдықтар бірінде пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып келедi. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп  беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi принцптерi мен жалпы тіртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.

Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни кәсiпорындағы шаруашылық әдерiстердiң барлығын басынан соңына дейiн есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық әдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы.

Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын негiзгi кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлiмет беру болып табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық есептi  құру кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi, усынылатын ақпарат көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi  бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында  туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.

  Курстық жұмыс / 44 бет


Comments closed.