МАЗМҰНЫ

беті

  КІРІСПЕ       3
1 АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ       6
1.1 Аудиторлық қызмет көрсетудің Қазақстандық рыногының сапасын бақылау мәселелері       6
1.2 Аудиторлық фирмалардағы аудиторлардың жұмысын ұйымдастыру       14
1.3 Аудиторлық ұйымның жұмыс сапасын бақылау       17
     
2 АУДИТОРДЫҢ ЖҰМЫС ҚҰЖАТТАРЫ       19
2.1 Аудитті құжаттау       19
2.2 Жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар       22
2.3 Жұмыс құжаттарын толтыру және пайдалану       25
     
  ҚОРЫТЫНДЫ       27
  ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ       29
   

КІРІСПЕ

Сапаны қамтамасыз ету процедуралары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында немесе ішкі стандарттарында жазылуға тиісті. Әдетте, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес сапаға тексеру жүргізу барысында тексеруге тек сол ішкі реттеуші құжаттар алынады. Әрбір аудиторлық фирмада тиісті процедураларға қойылатын талаптар жазылған құжат немесе қорытынды құжатта бір бөлім не болмаса бирнеше тиісті құжаттар болуға тиісті. Кейбір аудиторлар бұған қарсы. Олардың ойынша, ереже-нұсқаулар жақсы болуы мүмкін, бірақ сол ережелердің қаталдығы көбінесе олардың орындалуының міндетті еместігімен теңгеріледі. Бірақ бұл тәжірибелі тексерушіге қандай-да бір ереже нұсқаулардың практикада қолданылатын, қолданылмайтындығын анықтау қиындық тұғызбайды. Ол үшін қажетті процедуралар көрсетілуге тиісті аудиторлық файлдар болады немесе аудитте кеңінен танымал сұрақ беру, не болмаса бақылау жасау процедураларын қолдануға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты – аудит жүргізу кезіндегі жұмыс сапасын бақылау туралы теориялық тұрғыдан ашып, талдау. Курстық жұмыс екі бөлімнен, әр бөлімі үш пунктен тұрады. Бірінші бөлімде аудиторлық қызметтің сапасын бақылау кіріспе ретінде қарастырылған. Екінші бөлімде аудиторлық қызметтің жұмыс құжаттары жайлы жазылған.

Фирмаішілік ереже-нұсқаулар мен стандарттардың көлемінің аудиторлық фирманың көлеміне қалай байланысты болатындығы жөнінде көптеген сұрақтар туындайды. Халықаралық аудит стандарттарында сапаға бақылау жасау жүйесінің күрделілігі аудиторлық ұйымның көлеміне, оның даму бағытына, ұйымдық құрылымына және т.б. байланысты болатындығы ескертілген. Әдетте, жалпы стандарттарды да ішкі құжаттарды да кеңінен қолданатын ірі аудиторлық фирмаларда ішкі ереже-нұсқаулардың ең төменгі саны қанша болуға тиісті екендігі жөнінде мәселе қойылмайды. Бұл фирмалардың басшылары, әдетте, өз жұмысының сенімді болуына мүдделі болғандықтан, бәрінен бұрын ішкі бюрократиялық процедуралар жайында қайта сақтандыру жасауға бейім. Өз кезегінде кішігірім аудиторлық фирмалар мен аудиторлар, өздерінің атқаратын қызметтерінің көлеміне байланысты, аудит сапасын бақылаудың күрделі жүйесінің керек еместігі туралы көзқарастарын жиі қорғайды.

Егер тексеруге жұмыскерлерінің саны 10 адамнан аспайтын және қызметінің көлемі шектеулі кіші кәсіпорын тартылатын болса, онда ішкі ереже-нұсқаулар мен меншікті бақылау құралдарының шектеулі саны пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге, аудит өткізу барысында клиенттен клиентке дейін тұрақты болуға тиісті аудиторлық файлды, аудиттің жоспарын, маңыздылық деңгейін анықтау тәртібін дайындау талап етіледі. Аудиторлық процедураларды типтік бағдарлама бойынша жүргізген дұрыс. Аудит нәтижелері жөніндегі жазбаша ақпараттар бірегей нысандар бойынша рәсімделуге тиісті. Жоғарыда аталған мәселелердің әрқайсысы жинақтаушы немесе ішкі дербес құжаттардың біреуінде бейнеелеуге тиісті.

Өз клиенттеріне аудиторлық қорытынды бермейтін, яғни, жалғаспалы қызмет көрсетумен, мысалы кеңес берумен, айналысатын аудиторлық фирмалар үшін де сапаға бақылау жасаудың тармақталған процедуралары керек болмауы мүмкін. Көп санды ірі клиенттерге тұрақты түрде аудиторлық қорытынды дайындап беретін аудиторлық фирмаларда тиісті ереже-нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар, ішкі стандарттар түрінде жасалынған ережелер мен сапаға фирмаішілік бақылау жасау процедуралары болуға тиісті.

Қазіргі кезде бақылау жасау функциясы не құқығы бар мемлекеттік органдар не болмаса аудиттелетін субъект аудиторлық тексерулердің сапасыз өткізілгендігі туралы мәлімдеме жасаған жағдайда ана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда бақылаушы органның міндетті қызметін ҚР аудиторлар Палатасы жанындағы кәсіби этикалық кеңес атқарады. Анықталған салақтықтар мен бұзушылықтардың кейбір бөлігі байқалмай қалып қалуы мүмкін:

—         жүргізілетін тексерулердің мақсаты мен міндеттерін клиенттің толық түсінбеуі;

—         өткізілген аудиттің сапасына бақылау жасаудың дәл анықталған процедураларының жоқ болуы.

Аудиторлық қызмет жүйесінің ажырамас бөлігі ретіндегі бақылау жасау механизімі жүйе нақты жаңылыс тапқан кезде жұмыс істей бастамай, тұрақты негізде жұмыс істеуге тиісті.

Бұдан туындайтын сұрақ: мұндай бақылауды кім жүзеге асырады – мемлекеттік органдар ма, әлде тек аудиторлардың қоғамдық ұйымдары ма? Екі нұсқаның әрқайсысының өздерінің жақсы жағы да кемшіліктері де бар. Бір жағынан мемлекеттік органдардың жұмыскерлері сапаны тексеру барысында мемлекеттің мүддесін қорғай отырып, қандай-да бір аудиторлықбірлестіктің абыройын қорғауға мүдделі болмайды деп күтуге болады. Басқа жағынан қарағанда, бүгінгі таңда мемлекеттік бақылау-ревизиялық органдардың жұмыскерлерінің біліктілік деңгейі оларға аудит әдістемесінің бүге-шігесіне дейін талдап қарауға әрдайым мүмкіндік жасай бермейді. Ондай мемлекеттік тексерушілердің штатын өсіру үшін елеулі қаражат бөлуге мемлекеттің жағдайы келмейді. Кейбір аудиторларда, тексерушілер жұмыс процессі кезінде алған құпия ақпараттар аудитор клиенттеріне зиян келтіре отырып, пйдаланылуы мүмкін деген қорқыныш туындайды. Мысалы, табылған қателіктер туралы мәліметтер салықтық бақылау органдарына хабарлануы мүмкін.

Аудиторлық фирма аудиторлық процедуралардың мазмұны, мерзімі және көлемі үшін жауап беруге тиісті. Олардың сапасына бақылау жасау аудиторлық фирма қызметінің сипаты, тексеруді ұйымдастыру деңгейі және табыстар мен шығыстар бойынша тиісті жағдайлар сияқты факторларға байланысты.

курстық жұмыс / 29 бет


You must be logged in to leave a reply.