ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1 ӘРТҮРЛІ ТИПТЕГІ САУДА КӘСІПОРНЫНДА ТАУАР АССОРТИМЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 5
1.1 Тауар түрлеріне және ассортменттеріне сипаттама 5
1.3 Тауар ассортиментін топтастыруды ұйымдастыру және оның тиімділігі 8

2 САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТАУАР АССОРТИМЕНТІН ТАЛДАУ 11
2.1 Өнім өндіру көлемін, ассортиментін және өткізуді талдау 11
2.2 Тауарды өткізуді ынталандыру құралдары мен формалары 20
2.3 Тауар өнімінің құрылымын талдау 21

3 КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ КОММЕРЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 28
3.1 Тауарды өткізуді ұйымдастыру мен ынталандырудың формалары 28
3.2 Кәсіпорындардағы коммерцияны ұйымдастыру мен ынталандырудың формаларын жетілдіру жолдары 34

ҚОРЫТЫНДЫ 38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 40

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауындағы: «Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, болашаққа бағдар жасадық» [1,7б] деп елбасы айтқандай осы ұстаныммен алдағы болашаққа аяқ басып келеміз. Нарықты жинақты зерттеу ережесі бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.

Тауар — қажеттілікті немесе мұқтаждықты  қанағат­тан­дыра алатынның барлығы және ол тұтыну мақсатында нарыққа ұсынылады.

Былай деп, алдын ала болжау жасалық, әйел сұлу болып көрінсем деген мұқтаждықты басынан кешіруде, бұл мұқтаждықты қанағаттандыруға тауардың баршасы қабілетті, біз болсақ таңдау үшін тауар ассортиментін атаймыз. Бұл ассортимент өзіне косметиканы, жаңа киімді, курорттық күнге қыздырынуды, косметологтың қызметін, пластикалық операцияларды және т.б. кіргізеді.

Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Бұйымдар мен қызмет түрлерінен басқа, бұл жеке адам, орын, ұйымдар, қызмет түрлері және идеялар болуы мүмкін. Теледидардан қандай көңіл көтеретін хабар көргісі келеді, демалысқа қайда бару керек, қай ұйымдарға көмектескен дұрыс, қандай идеяларды қолдаған жөн, осылардың барлығын тұтынушылардың өздері шешеді.

Нақты тауар және нақты адам қажеттілігін,  қанағат­тан­дыруды келесі сурет арқылы көз алдыға елестетуге болады.

Тауар тұтынушының талап–тілегіне неғұрлым толық сәйкес келген сайын, өндіруші соғұрлым мол табысқа қол жеткізеді. [2, 54б]

Логикалық қорытынды мынада, өндірушілер тауар­ларын сатқысы келетін өздерінің тұтынушыларын іздеп тауып, олардың қажеттіліктерін анықтап, содан кейін осы қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алатын тауарлар шығаруы тиіс.

Адамдар өз мұқтаждықтары мен талап–тілектерін айырбас көмегімен қанағаттандыруды шешкен жағдайда, маркетинг орын алады. Айырбас–орынына айырбасқа бір зат ұсына отырып, қандайда бір өзі қалайтын объектіні алу актісі.

Айырбас арқылы жеке тұлғалар өздері қалайтын объек­тіні ала алатын төрт тәсілдің бірі болып саналады. Мысал үшін, ашыққан адам келесі тәсілдермен тамақ табуы мүм­кін: аңға шығудың көмегімен, балық аулаумен және жидектерді жинаумен (өзін-өзі қамтамасыз ету), тамақты біреулерден ұрлау (жеп қою), оны сұрап алумен (қайыр тілеу арқылы сұраншақпен), өзін тамақпен қамтамасыз етуі мүмкін және ең соңында, оған тамақ бергені үшін оны өтеудің  құралы, ақша, басқалай тауар немесе қандай бір қызмет түрін көрсетуді (айырбас) ұсынады. Мұқтаждық­тарды қанағаттандырудың төрт тәсілінің ішінде айырбас неғұрлым басымдыққа ие. Бұл арқылы адамдар басқа­лардың құқына қол сұғуларына, әлдекімдердің қайырым­дылығына тәуелді болмайды. Олар оны шығара ала ма, жоқ па оған қарамастан бірінші қажеттіліктегі кез–келген затты олардың өз беттерімен шығаруына тура келмейді. Өндірістің, өздері жақсы меңгерген заттарды шығаруға жұмылып, содан кейін оларды  басқалардың жасап шығар­ған қажетті заттарына айырбастауға болады. Нәтижесінде қоғамдағы тауарларды өндірудің жиынтығы өседі.

Берілген жұмыста зерттеу объектісі болып «Ескендір» ЖШС табылады.

Зерттеудің пәні «Ескендір» ЖШС тауар ассортиментін талдау болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның коммерциялық қызметінің бағыттарын жетілдіру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері келесідей:

1)      Әртүрлі типтегі сауда кәсіпорнында тауар ассортиментін қалыптастыру

2)      Сауда кәсіпорндарындағы тауар ассортиментін талдау

3)      Кәсіпорындардағы коммерцияны ұйымдастыру мен ынталандырудың формаларын жетілдіру жолдары.

Осы курстық жұмысты жазу барысында «Коммерциялық қызмет», «Менеджмент», «Маркетинг» пәндері бойынша әдебиеттер кеңінен қолданылады, және де Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік бойынша материалдар мен «Ескендір» ЖШС қызметінің көрсеткіштері мен аралық басылымдары қолданылады.

 Курстық жұмыс / 42 бет


You must be logged in to leave a reply.