Жоспар

Кіріспе

I. Негізгі бөлім

1.1 Кадмий элементіне жалпы сипаттама

1.2   Су қоймаларына кадмийдің таралуы

1.3 Топырақ жамылғысына таралуы

1.3.1. Аллювиальды топырақта кадмийдің қозғалғыштығына

Этиленминтетрауксустың әсері

II. Кадмиймен ластанған топырақтан экологиялық таза өнім

2.1 Полигон топырағындағы химиялық элементтердің мазмұны және таралуы

2.2Кадмийдің адам ағзасына әсері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоршаған ортаға қосылып жатқан көптеген химиялық заттардың ішіндегілердің ең зияндыларының бірі ауыр металдар. Биосфераның жылдан-жылға артық ластануымен байланысты ауыр металдардың таралу себептерін біліп, олардың мөлшерін анықтап тоқтату жолдарын білген жөн. Өнеркәсіптің ауылшаруашылығының және көліктің дамуы, қалалардың шоғырлануы, жер бетіндегі геотехникалық өзгерістер, ғарыштық және әлемдік мұхитты игеру — осы аталғандардың бәрі жергілікті, аймақтық және жаһандық көлемде табиғи жағдайлардың өзгерістеріне әкеледі.

Түрлі-түсті металлургия атмосфералық ауаны жэне су айдындарын, топырақты, өсімдіктерді түрлі-түсті металдармен, басқа газ тәрізді және ерігіш қосылыстарымен ластаушылардың көзі болып табылады. Осы ластауыштардың орналасқан аудандарында топырақ жэне өсімдіктерде улы элементтердің жоғары концентрациясы табылатын, радиусы ондаған километрге жететін жасанды биохимия провинциялары қалыптасады.

Металлургия зауыттарының жэне жылу электростанцияларының әсер ету аймағында қорғасынның, кадмийдің, мырыштың, никельдің және басқа элементтердің мөлшері орталық аудандармен салыстырғанда жемістерде 1,5-3,5 есе жоғары.

Қоршаған ортадан улы заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы, тері, сондай-ақ ас қорыту жолдары арқылы түседі. Соның нәтижесінде элементтер мүшелер мен ұлпаларға жинақталады. Кадмийдің жоғары мөлшері бүйректе жинақталатыны анықталған.

Қазіргі кезде осы ластаушылардың тек жеке зат алмасу үрдістері, ағзаның иммундық және ферменттік жүйелеріне ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың жалпы ауруларының артуына да қолайсыз әсеріне жүргізілген зерттеулері көп. Т.Е Науменконың зерттеулері бойынша тыныс алу мүшелерінің ауруына, әсіресе атмосфералық ауанының ластануы әсер етеді. Түрлі-түсті металлургия өндірістік өнеркэсіптік аудандардағы зерттеулер ауаның металл аэрозольдармен ластану деңгейі нәтижесінде адамдардың жүйке жүйесінің ауруы жэне бүйректің қабынуы арасында байланыс бар екендігі анықталды. Атмосфералық ауаның қорғасынмен, хроммен, никельмен, кадмиймен жэне басқа ауыр металдармен ластануы тұрғындардың ауруын 40-60% -қа арттырды.

Қазіргі кезде таралуы жағынан да, әрекет етуі жағынан да қоршаған ортаны негізгі ластаушылар қатарына қорғасын, кадмий, сынап, мыс, мырыш, никель, хром жатады.

Қазіргі өндіріс жұмыстарымен байланысты ауыр металдардың көп таралуы глобалдық проблемаға айналды. Бұны шешу үшін табиғи ортаны сақтау жұмыстарын жүргізу қажетті болып табылады.

Ауыр металдардың қатарына Менделеев таблицасындағы 40-тай химиялық элементтер кіреді. Осы элементтердің көбі микроэлементтерге жатады. Азғантай мөлшерде тірі организмдерге қажетті организмдердегі ақуызбен ферменттердің кешеніне кіріп, олардың жұмыстарын белсендетеді. Ең қауіпті түрі сынап, қорғасын, кадмий. Агроланшафттарда көп кездесетін түрі цинк, қорғасын, сынап және хром. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануымен өсімдіктердің өнімі төмендейді. Қалыптасқан фитоценоз бұзылады. Адамның тіршілік ортасының сапасы төмендейді. Сонымен бірге адамның ішетін суымен, жейтін тамағы сапасы төмендейді. Кей жағдайларда өсімдіктердің өнімі жоғары болғанымен (оның ішіндегі ақуыз, май, витаминдер жеткілікті болса да) өсімдіктерде ауыр металдар жиналып, адам өмірімен жануарларға қауіп төндіреді жэне олар бірден байқалмайды.

Курстық жұмыстың мақсаты: қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы,соның ішінде кадмиймен ластануы жаһандық проблемалардың бірі болып табылады.Курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес кадмийдың қоршаған ортаға таралуын, тигізетін әсерін ашып жеткізу.

курстық жұмыс / 28 бет


You must be logged in to leave a reply.