26. декабря 2011 · Комментарии к записи Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары отключены · Categories: Биология, Экология, Медицина

Жоспар:
Кіріспе…..3

1-Тарау. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен жалпы сипаттамасы…..6
1.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы, қолданудың негіздері және мақсаттары….6
1.2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы……..10

2-Тарау. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері…….14
2.1.Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиаторда емдеу…..14
2.2Мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу…….15
2.3 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі………..16
2.4 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мәні оны тағайындау және жардан айырмашылығы…….18

3-Тарау. «АЗАЙТЫЛҒАН (ШЕКТЕУЛІ) ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ» ҰҒЫМЫНА ОРАЙ…….24
3.1 Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдардың сипаттамасы және оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау негіздері….24
3.2. «Жалған есі дұрыс еместік» және қылмыс жасаған алкоголизмнен немесе нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудан заң жүзінде бас тартудың негіздері………58

Қорытынды…………79
Қолданылған әдебиеттер тізімі………83

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Диссертациялық жұмыс қылмыстық құқық бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың түсінігі мен негіздеріне арналған.

Зерттеу жұмысында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының даму тарихы, есі дұрыстық, есі дұрыс еместік және шектеулі (азайтылған) ақыл – есі дұрыстық ұғымдарына, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолдану мақсаттары мен негіздері, түрлері, сонымен қатар жалған есі дұрыс еместік (псевданевменяемость) және қылмыс жасаған алкоголизмнен немесе нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудан заң жүзінде бас тартудың негіздері теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қолданылып жүрген заңдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының кейбір нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының  бүкілхалықтық референдум бойынша қабылданған Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» — деп атап көрсетеді.

Яғни, заң адамзатқа, қоғамға, мемлекетке қарсы іс — әрекеттерді жасауға тікелей тиым салады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 18 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында, «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік» — деп атап көрсетті.

Аталған сөз еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он бес жылдан астам уақыт мөлшері және осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахнасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол  жеткізгенінен туындағанына көзіміз жетеді.

Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі қалыпты дамуына кедергі келтіріп жатқан жағымсыз құбылыстар да бар. Қоғамға жат құбылыстардың бірі – қылмыстылық. Соңғы жылдары елімізде қылмыстардың өсуі байқалады.

Қылмыстылықпен күресуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылық шараларын іске қосуда Қазақстан Республикасының Президенті 2003 жылы 10-шы қыркүйекте қылмыспен қарсы күрес мәселелері бойынша Республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде қылмыспен күрес ортақ іске үлес қосқандық деп атап көрсетіп, осы істі жүзеге асырудың нақты он түрлі жолын қадап айтты.

Дегенмен, қылмысқа қарсы күрестің бірі – кінәлі адамды қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартуда оның есінің дұрыстығын, яғни қылмыс жасағаннан кейін есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетіндерге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды дұрыс тағайындау болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы 1997 жылы қабылданған қылмыстық кодексінде  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары институтына ерекше мән берілген.

Бірақ, бұл мәселе әлі күнге дейін теориялық негізде зерттелмеген. Осыған орай сот тәжірибесінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына байланысты біркелкі қағида қалыптаспаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты осы мәселеге ерекше мән береді. Оның айғағы: Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты Пленумының  1999 жылғы 9 шілдедегі «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот  сот тәжірибесі туралы» №8 қаулысы;

«Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі қаулысына өзгешеліктер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 15 тамыздағы №18 нормативтік қаулысы; «Ауруға шалдығуына байланысты жазаны өтеуден одан әрі босату туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі  №7 нормативтік қаулылары және тағы басқалары.

Қылмысты жасаушы немесе қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаушы есі дұрыс адамдардың көпшілігі  медициналық мәжбүрлеп емдеуді қажетсінеді.

Сот билігі  ҚР  Конституциясына сәйкес конституциялық, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот өндірісімен жүзеге асырады.

Әрқашанда қоғамға қауіпті қылмысты есі дұрыс адамдар жасай бермейді. Кейде өзіне төнген қолайсыз зардаптарға байланысты айыптаушы адам, өзінің әрекетіне есеп және жауап бере алмайтын жан күйзелісі аурумен ауырады.

Барлық осындай жағдайларда оларды мәжбүрлеп емдеу мәселесі қойылады. Мәжбүрлеп емдеу бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі, есі дұрыс емес адамның әлеуметтік қорғалуының ерекше шарасы ретінде қарастырылады.

Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға қауіпті іс- әрекеттерді жасаудан сақтандыруы, ондай адамдардың жеке басын қорғауда және дұрыс емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалық ауруға душар болған адамдарға жаза тағайындау ізгілік және әлеуметтілік әділеттілік принциптеріне қайшы келеді.

Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс істесе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 Дипломдық жұмыс / 84 бет


Comments closed.