МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

I Банк жүйесі дамуының теориялық негіздері

1.1 Банк жүйесінің мәні, деңгейлері және қызметі

1.2 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері

1.3 Банктік жүйенің шетелдік тәжірибесі

II «БТА Банкі» АҚ-ның негізінде қазіргі кезеңдегі ҚР банк жүйесін талдау

2.1 «БТА Банкі» АҚ-ның қаржылық жағдайы мен ұйымдық құрылымы

2.2 «БТА Банкі» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау

III ҚР- банктік жүйені жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстан банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын анықтау.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ролін жүйелі түрде зерттеп, оларды дұрыс ұйымдастыру және банк жүйесін нақтылы талдау, банк жүйесінің қызметтерін жетілдіру мәселелерін анықтап, оларды әрі қарай дамыту мәселелері.

            Курстық жұмыстың міндеттері – банк жүйесінің теориялық дамуының негіздерін зерттеу, Қазақстан Республикасында банктік жүйенің дамуын талдау, банктік жүйесінің даму перспективаларын анықтау.

Курстық жұмыстың пәні – ол Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы мен дамуы болып табылады.

Курстық жұмыстың объектісі – банк жүйесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасы, соның ішінде банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, жоғарғы дәрежеде даму үстінде. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 заңының 3-бабында Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы былай деп жазылған:

а) Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар;

б) Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады;

с) Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкін қоспағанда өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады;

д) мемлекетаралық банк – халықаралық шарт (келісім) негізінде құрылып, жұмыс істеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердің үкіметтері болып табылатын банк.

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеуі елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына әрі орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты болады. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылуы өзіне тән біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осында иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты мен мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (кооперативтік) басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді. Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банк жүйесінің тарихы КСРО революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келеді.

Біздің елдің банк жүйесі екі деңгейден тұрады:

a)      Бірінші деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстанның Ұлттық банкы тұрады.

b)      Екінші деңгейлі банктер: мемлекетаралық банктер, резидент банктері, резидент емес банктер, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы резидент банкі – аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.

Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысады. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылады. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғарғы билік органдарына бағынуы қандай да бір жергілікті ережелерінің бекітілуіне жол бермеу сақталады.

Соңғы 10-15 жылда банктің қызметінде операциялардың жаңа түрлері белең ала бастады. Олар: лизинг, факторинг, қаржылық тұрақты операциялар.

Курстық жұмысты жазу барысында, қарастырылған Ақсейіт Ғ. мақаласының, Сейітқасымов Ғ.С. және Мақыш С.Б. кітаптардың, “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы” және “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңдарының негізінде осы тақырыпты көптеген әдебиеттерде кең және жан-жақты баяндалатынын айтуға болады.

курстық жұмыс / 29 бет


You must be logged in to leave a reply.