Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3

1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері…………………….5

1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні………………………………5

1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы……………………………………………….11

2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау…………………….17

2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы…..17

2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі  жағдайын талдау………………19

3  Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары…………23

3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері………………23

3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары………………………………………………………………………………………25

Қорытынды………………………………………………………………………………………………27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………29

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін, сондай-ақ, олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің курстық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы, ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.

Бұл жұмыстың өзектілігі — жетекші қор нарықтарының  мысалдары, олардың  ҚР-дағы қор нарықтарымен салыстырмалы сараптамасы және біздің еліміздегі бағалы қағаздар нарығын одан әрі жетілдіру ұсыныстары келтіріледі. Бүгінгі күнде бұл актуальды проблемалардың бірі, себебі дамыған нарықтық экономикада бағалы қағаздар және оның нарығы еркін мобилизацияланған ақша айналымында жеке меншікке және мемлекетке үлкен роль атқарады. Өтпелі экономикада және ТМД мемлекеттерінде мұндай функция бағалы қағаздар тез арада қалыптасқан. Өтпелі экономикада бағалы қағаздар табысы — жоғарғы инфляция шығынын жаба алмады. Инвесторлардың қаржысы бағалы қағазға емес, шетел валютасына салынды. Валюта коридорлары болғанымен инфляцияның түсуі 1996 жылы ТМД мемлекеттерінде шетел валютасына сұраныс  ұсыныстан артық болды. Бұндай бағытта нарық қорында үлкен ақша шығысы болуы қаупі болды. Бағалы қағаздар нарығы Қазақстанда 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде бағалы қағаздар тек акционерлік қоғамдар құрамында, облигациялар түрінде болды.

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты  — бағалы қағаздар нарығының негізгі мәнін ашып, оның құрамдас бөліктерін және Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын зерттеу болып табылады.

Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер қойылған:

—         Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы;

—         Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау;

—         Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективаларын анықтау.

Бағалы қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз беретінге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.

Бағалы қағаздар – бұл капитализмнің бас кезінде қалыптасып және мемлекеттік монополиялық капитализмнің кезінде дами бастады. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығында түбегейлі өзгерістер енгізіле бастады. Оның нарық құрылымында,  функционалдық механизмінде және бағалы қағаздар сату нарығында өзгеріске ұшырады.

Бағалы қағаз ─ бұл өзінің тауарлық, өндірістік және ақшалық формасынан ерекшеленетін капиталдың бар болуының ерекше түрі, ол нарықта тауар сияқты айналады және табыс әкеле алады.

Бағалы қағаз ─ бұл, заңмен анықталатын және сол тәртіпте орнатылатын, мүліктік құқық түрлерін куәландыратын құжат.

Нарықтық экономикада қаржы нарығы аса маңызды мәнге ие болады. Оның механизмін  қолдану, ағымдағы қажеттіліктерінен асатын, кәсіпорындардың, мемлекеттің, жеке тұлғалардың ақша құралдарын тартуға және несие беруші ретінде өндірістің дамуы мен экономиканың басқа сфераларына бағыттауға мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы дамуының негізгі мақсаты ─ инвестицияларды тартудың эффективті механизмін және Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субъектілер мен экономика салалары арасындағы капиталды тиімді қайта үйлестіру аккумуляциясын құру. Отандық бағалы қағаздар нарығын жаңа, әлемдік стандартқа сәйкес, деңгейге шығарудың негізі бағалы қағаздар сату көлемінің ұлғаюы, олардың потенциалды инвесторлар үшін өтімділігі мен тартымдылығын жоғарылату болып табылады. Бүгінгі күнде маңызды мәселе, инвестициялық тартымдылығы жоқ, «екінші эшелондық» кәсіпорындардың акцияларын биржалық нарыққа шығару болып қала береді.

Бірақ осының бәріне әлемдік қаржы нарығындағы, соның ішінде ҚР-дағы, қор сегментінің маңызды элементі ─ бағалы қағаздар табиғатының мәні мен ұғымын толық және мүлтіксіз түсіну негізінде жетуге болады.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні – еліміздің бағалы қағаздар нарығының мәні, қызметі және қазіргі мәселелері болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, Қаржы Министрлігі, Ұлттық Банк және KASE Қазақстанның қор биржасының бағалы қағаздар нарығында атқаратын қызметтері.

Негізгі ақпарат көздері — ҚР-ның заңдары, арнайы экономикалық сайттар, мерзімді басылымдар, отандық әдебиеттер, әдеби-статистикалық мәліметтер.

курстық жұмыс / 29 бет


You must be logged in to leave a reply.